Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында медицина қызметкерлеріне 7,8 млрд теңге үстемеақы төленді

98 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысы бойынша инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі 14,2%, карантиндік төсек-орынның жүктемесі – 16%.  Инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Облыс бойынша 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған.

Түркістан облысында медицина қызметкерлеріне 7,8 млрд теңге үстемеақы төленді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов өңірдегі мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін өскенін атап өтті. Зертханаларда жалпы 369 155 адам тексеруден  өткізілген. «Медициналық ұйымдарды дәрілік заттар және арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 3,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыларға 361,8 млн теңгеге дәрілік заттар, 1,6 млрд теңгеге медициналық бұйымдар, 185 млнтеңгеге дезинфекциялық ерітінділер сатып алынды. Сондай-ақ өкпені жасанды желдету аппараттарының саны 178-ден 348-ге дейін артты. Қосымша 4 оттегі станциясы орнатылып, 8-ге жетті, 80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Ал оттегі концентраторларының саны 890 бірлікке жетті. Облыстық бюджет есебінен 1 компьютерлік томограф пен 3 сандық рентген аппараты орнатылды. Медициналық ұйымдарда пульсоксиметрдің қамтамасыз етілуі 190-нан 4 069-ға дейін жетті», деді Марат Пашимов.

Облыста COVID-19 індетін жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 214, пневмонияны 200 адам жұқтырып, 16 адам қайтыс болған. Бүгінде барлық қайтыс болған медицина қызметкерінің отбасына 10 млн тенгеден, жалпы 160 млн теңге көлемінде әлеуметтік төлем жасалған. Сонымен қатар, вирусты жұқтырған 182 маманға барлығы 2 млн теңге көлемінде төлемдер берілді. Коронавирус індетімен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған барлығы39 387 медициналық қызметкерге тамыз айына дейін жұмыс уақытын есепке алу негізінде 7,8 млрдтеңге қаржылай үстемеақы төленді.



Түркістан облысы