Қостанай облысының Ұзынкөл ауданына қарасты Новопокров ауылында тұратын көп балалы ананың биыл 1 қазанға қараған түні жайылымнан ұрланған 42 бас жылқысы әлі табылар емес. Полиция үш ай бойы іздестіріп жатыр, алайда еш нәтиже жоқ.

– Ішкі істер органдарына ренішім де, күдігім де бар. Бүгін полициядан бір кісі келді, ашу үстінде ол кісіге де: «Органның ішінде ұрылармен сыбайласқан адамдар бар», – деп айтып тастадым. Ол кісі: «Орынсыз жала жаппаңыз, бұлай деуге қандай құқыңыз бар? Дәлеліңіз жоқ», – дейді. Сол дәлелім болмаған соң жүре алмай отырмын ғой. Дәлелім болса, мен бұлай отырмас едім. Осы өңірде жыл сайын табын-табын жылқы із-түзсіз кетеді. Не жылқы табылмайды, не ұры ұсталмайды. Жалақор жан емеспін, жанымды жегідей жеп, көңілде көлкіп тұрып алған күдігімді айтып отырмын. Өйткені бұл жақта жыл сайын жүздеп жылқы жоғалып жатады. Соның біреуі де табылған емес. Осы төңіректегі елдің бәрі біледі, соңғы екі-үш жылдың ішінде Киев ауылынан 100 басқа жуық, Суворов ауылынан 50 бас жылқы ұшты-күйлі жоғалды. Ешкім көрмейді, ешкім білмейді. Жердің астынан өтіп кетпесе, табындаған жылқыны ұшып бара жатса да біреу-міреу көреді ғой, – дейді ашынған ана.
Халида Баймұратова – жеті бала тәрбиелеп отырған көп балалы ана. 2018 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша жылдық өсімпұлы 4 пайыздық 2 млн 600 теңге жеңілдетілген несие алып, қымыз өндірісін қолға алу мақсатында 12 бас жылқы сатып алған. Биыл күзде қолындағы қамбар ата төлінің ұзын санын 32-ге жеткізді. Мұның сыртында, ауыл тұрғындары ақысын төлеп, бағып бер деп табынға қосқан 10 шақты жылқы тағы бар. Несиеден құтылып, несібеме жетсем екен деп отырған көп балалы отбасы бір түнде 42 бас жылқыдан түгел айырылып, ауыл тұрғындарына да, банкке де қарыз болып қалды. Ауыл тұрғындары әзірше жылқыларын сұрап отырған жоқ, бірақ аманаттап тапсырған малды ұры алса да, қасқыр жесе де, құнын түбі иесіне қайтарып беру керек.
– Жылқыларды күн сайын кешкілік қамап жүретінбіз. 30 қыркүйек күні жолдасым жұмыстан кеш келіп, таба алмай қалды. Сөйтіп, сайға түскен шығар, қараңғыда бәрібір таптырмайды ғой, таңертең іздермін деп үйге келді. Ертесі күні таңертеңнен бастап 4 күн бойы іздедік, табылмаған соң 5 қыркүйек күні полицияға хабар бердік. Әлі нәтиже жоқ. Күн санап үміт кеміп, күдік күшейіп барады. Өзіңіз ойлап көріңізші, мәселен, мен бір жерден 10 жылқы ұрлап әкелдім дейік. Артымды біреу жауып отырмаса, мен ол жылқыны қайда тығып, қайда сатып үлгеремін. Үйде ұстай алмайсың, базарға апара алмайсың. Бұл жерде ұрылардың артын жауып отырған бір күш бар. Полиция менің қалтамдағы ақша таусылғанша ғана іздеді. Алғашқы үш күн полиция өз күшімен іздеді. Одан кейін полицияның көлігіне өзіміз бензин құйып беріп отырдық. Екі айдан соң ақша да бітті, іздеу де тоқтады, – дейді жоқ іздеген ана.
Істің мән-жайын облыстық полиция департаментінен сұрап көріп едік, баспасөз қызметінің басшысы Ирина Беженарь: «Ұзынкөл ауданы Новопокров ауылының 39 жастағы тұрғыны аудандық полиция бөліміне 2020 жылдың 5 қазанында шағым түсіріп, 42 бас жылқысының жоғалғаны туралы хабарлаған. Шағымданушының сөзінше, жылқы 29 қыркүйек күні Воскресенов ауылының маңында еркін жайылып жүрген жерінен жоғалған. Мал иесі 5 күн бойы өз бетінше іздеп, таба алмаған. Жоқшы мал жоғалған күні бірден полицияға хабарлағанда, мүлде басқаша болар ма еді. Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 4-бөлімі, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздестіру шараларына арнайы мобильді топтар тартылып, олар Ұзынкөл, Сарыкөл аудандарындағы егістік және орманды алқаптарды тегіс сүзіп шықты. Әуеден іздейтін арнайы дрондар пайдаланылды. Облыстың барлық полиция бөлімдеріне, сондай-ақ іргедегі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл аудандық полиция бөліміне, шекаралас жатқан Қорған облысына қарасты Звериноголов, Половин аудандарының полиция бөлімшелеріне хабар жіберілді. Тергеу әлі жүріп жатыр. Жәбірленушіге келген зиян көлемі 15 млн теңге», – деді.
Мал иесінің есебінше, ұрланған жылқының жалпы құны 22 млн теңгеге жақындайды. Халида Баймұратова енді банкке берешек 1 млн теңгеден астам қаржыны қайдан табарын білмей дал. Аудан әкімі Мұрат Сандыбаевқа жолығып жағдайын айтып, банк берешегін бір жылға кейінге шегеруге көмектесуін өтінген екен, ол кісі кәсіпкерлер палатасындағы заңгер мамандармен ақылдасып көрейік, қолдан келгенше көмектесемін деген уәде беріпті.
Ал із-түзсіз кеткен жылқыдан әлі хабар жоқ. Халиданың айтуынша, Новопокровтан жеті шақырым жерде жатқан Воскресенов ауылында тұратын әйел жоғалған жылқыны 30 қыркүйек күні кешке таман жергілікті табыншының көлікпен қайырып жүргенін көріпті. Бірақ бұл куәгердің сөзіне полиция сенбей отырған көрінеді.
Қостанай облысы
Шығысқазақстандықтарға жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:39
Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 10:29
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы тақырыптық саябақтар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 10:26
Василий Левит Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 10:23
2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 10:04
Экономика • Бүгін, 10:01
Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Аймақтар • Бүгін, 09:52
Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық
Спорт • Бүгін, 09:50
Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 09:40
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:25
Аймақтар • Бүгін, 09:23
Қазақстанда тағы 840 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:20
Бір тәулікте пневмонияның 44 жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:15
Мемлекеттік қолдау - кәсіпорындардың дамуына жол ашады
Аймақтар • Бүгін, 09:12
Өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Руханият • Бүгін, 08:39
Қоғам • Бүгін, 08:39
Шетелдік жанкүйерлер қатыспайды
Спорт • Бүгін, 08:37
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді
Спорт • Бүгін, 08:36
Спорт • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:19
Қоғам • Бүгін, 08:17
Қоғам • Бүгін, 08:16
Аймақтар • Бүгін, 08:14
Руханият • Бүгін, 08:09
Алтын қолды батыр апай ауыл ауруханасында еңбек етеді
Аймақтар • Бүгін, 08:07
Аймақтар • Бүгін, 08:06
Қоғам • Бүгін, 08:05
Қоғам • Бүгін, 08:04
Руханият • Бүгін, 08:02
Аймақтар • Бүгін, 08:01
Озық қоғам құруда орны айрықша қыздар
Қоғам • Бүгін, 07:57
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:51
Қазақ сөзінің барынша дұрыс таңбалануына мүдделіміз
Қоғам • Бүгін, 07:50
Жазуымыз да, дыбысымыз да қазақтықпен көмкеріледі
Руханият • Бүгін, 07:48
Руханият • Бүгін, 07:46
Ғылымды дамытуға соны серпін беріледі
Парламент • Бүгін, 07:45
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Құрқылтайдың ұясы немесе ізгілік иесі
Қоғам • Бүгін, 07:43
Өсімдік әлеміне өмірін арнаған жан
Қоғам • Бүгін, 07:42
Руханият • Бүгін, 07:41
Өзгерістер дәуірінде өмір сүру қуанышы
Руханият • Бүгін, 07:40
Руханият • Бүгін, 07:38
«Ел боламын десең, демографияңды түзе!»
Қоғам • Бүгін, 07:34
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Кеше
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Ұқсас жаңалықтар