Саясат • 30 Желтоқсан, 2020

Түсіндіру жұмыстарын жүргізді

285 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Ауыл» партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Дәурен Қуат пен Ғалым Тасыбеков Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ел тұрғындарының ұсыныс-тілектері тыңдалды.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Партияның сайлауалды бағдарламасында ауылды кешенді дамыту, жастарды қолдау жан-жақты қам­тыл­ған. Мәселен, партия бағ­дарламасында жас отбасыларға тұрғын үй алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал ауылға көшіп барғандарға үй алуға және үй шаруашылығын қалыптастыруға, ауылда бизнес ашуға пайызсыз несие беру бағдарламасын енгізу көзделген.

Кездесуде сөз сөйлеген Қанат Тасыбеков бұл бас­тама жүзеге асатын болса ел тірегі ауыл жастарының әлеу­меттік мәселелерінің шеші­луіне тікелей жол ашылады деп есептейтінін жеткізді. «Еліміздің жастары мемлекеттің болашағы деп айтып жүрміз. Бұл тек қала жастарына қатыс­ты емес екені түсінікті. Демек, ауылды жерлердегі жастарға да лайықты қолдау болуы тиіс. Ол үшін партия ауыл жастарының білім грантын алуына және жұмысқа орналасуына кепілдік беретін «Ауылдан – диплом алу үшін» бағдарламасын әзірлеуді ұсынып отыр. Сонымен қатар, жоғары және орта арнаулы аграрлық оқу орындарының түлектері үшін алғашқы жұмыс орнын міндетті квоталау тәжі­рибесін енгізу қажеті деді Қанат Тасыбеков.

Ал кандидат Дәурен Қуат «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында балалы отбасыларға арналған тиімсіз, қысқа мерзімді төлемдердің орнына кепілдендірілген «Бала нәсібі» жәрдемақысын енгізіп, оны 18 жасқа толғанша төлеу ұсынылып отырғанын айтты. «Мұндайға мемлекетіміздің толық мүмкіндігі бар деп есептеймін. Бұл іске асатын болса ауыл тұрғындарының әлеуметтік әлеуеті жақсарып, өмір сапасын жақсартуға болады», деді Д.Қуат.

Сонымен қатар кездесу барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісімен айналысып жатқан кәсіпорындар мен фермерлерді қолдау мақ­сатында оларды қосымша құн салығынан босатып, несие­лерді арзандатуды көздей­тін субсидия түрлерін бесеуге дейін қысқарту бастамасы партияның бағдарламасына еніп отырғаны айтылды. Кездесу барысында зиялы қауым өкілдері пар­тияның бастамалары ауыл тұр­ғындарының ғана емес, жалпы жұртшылықтың көңілінен шығады деп есептейтіндерін айтты. Партияға алдағы сайлау­да сәттілік тіледі.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Ауыл» ХДП өңірлік қоғамдық штабы­ның басшысы Өмірбек Жұмағұлов, аудандық штаб басшылары – Серік Оспан, Алпысбай Жұмаев, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар – Ғабит Байханов, Фархат Энгишев «Саянұр» базарын­да болып, жаңа жыл қарсаңын­да азық-түлік тауарларының баға­сына мониторинг жасап, «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Сол­неч­ное ауылында аудандық мәс­ли­хат депутаттығына үміт­кер А.Шораев бастаған «Ауыл» партиясының үгіт тобы «Жам­бусинов» ЖК ұжымымен кездесті.

Қостанайда онлайн форматта «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына канди­дат В.Хадановичтің Қос­та­най облысы ауылдарының тұрғын­дарына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бағытында кездесуі өтті. Кездесу бары­сында қатысушылар ауыл­­дық аумақтардың инф­ра­­­құ­рылымын жаңғырту мәсе­лелерін талқылады.