Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2020

Павлодарда мектепке жазушы Мұзафар Әлімбаевтың есімі берілді

317 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Павлодарда жаңа ашылған мектепке жазушы Мұзафар Әлімбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды,деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда мектепке жазушы Мұзафар Әлімбаевтың есімі берілді

Оқу орны «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша салынып, жабдықталды. Жаңа мектепке Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов келді.

«Затон» шағын ауданында мектеп құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Нысан 2021 жылы тапсырылуы керек еді, бірақ мерзімінен бұрын орындалды. Сапасына нұқсан келген жоқ - мердігерлердің жұмысын жауапты органдармен қатар ата-аналар қауымдастығы да қадағалады.

Жаңа білім ошағына Мұзафар Әлімбаевтың есімі берілді. Қазақстан халық жазушысы, ақынның құрметіне мектепте шағын музей ашылды.

«Атақты жерлесіміздің есімін мұндағы оқушылар мен ұстаздар қайта жаңғыртып, мектеп биік жетістерге жететініне сенімдімін», - деді өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов онлайн режимінде өткен мектептің ашылу салтанатына қатысқан оқушылар мен педагогтарға.

600 орындық оқу орнында барлық кабинеттер мен рекреациялық аймақтар «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша жабдықталды. Асханада «e-pit» жүйесі орнатылды, соның арқасында мектеп басшылығы тамақтану сапасын бақылайды және оқушылардан пікірлер қабылдайды. Сонымен қатар мектепте барлық танымал спорт түрлерімен айналысу үшін спорт залы толығымен жабдықталған.

«Мен достарымды тезірек көргім келеді және олармен жаңа мектепте кездесуім керек. Бізде қаладағы ең жақсы спорт залы болады деп естідік», деп бөлісті оқушы Әнел Солтабаева.

Оқушылардың ата-аналары да өз эмоцияларымен бөлісті.

«Ата-аналар атынан біздің шағын ауданда балаларымыз үшін көптен күткен мектеп салынғаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біз оның ашылуын және біздің балаларымыз онда толыққанды оқи алатын күнді асыға күттік. Бүкіл құрылыс барысында біз бұл процесті бақылап отырдық. Барлығы жақсы және жайлы жасалғанын атап өткім келеді», деп атап өтті ата-ана Юлия Кузьменко. 

Әбілқайыр Сқақов биыл «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша жөнделген Павлодардың үш мектебіне барды. Инновациялық типтегі №34 мектепте әкім жаңартылған кабинеттерді, спортзал мен асхананы аралап шықты. №28 мектепте өңір басшысына жоғары сынып оқушыларына арналған кабинеттер мен кітапхананы неғұрылым ашық етіп жасау туралы шешім қабылданғанын айтылды.

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатында Әбілқайыр Сқақовқа биология, физика және химия бойынша тәжірибелерге арналған зертхана, сондай-ақ мұнда бұрын өткізілмеген технологиялық сабақтарға арналған STEM-кабинет таныстырылды. Ауылдық аймақтардан келген оқушылар тұратын мектеп жатақханаларында да жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы «Заманауи мектеп» жобасы бойынша биыл Павлодардың алты мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бағдарламаны іске асыру келесі және одан кейінгі жылдары да жалғасады.