Қоғам • 31 Желтоқсан, 2020

Мемлекеттің қолдауы мығым

230 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Биыл әлем жұртшылығын әбігерге салған індет Қазақстанды да айналып өтпеді. Дендей енген дерт жақындарымыздан айырып, жақ­сы­ларымыздың қатарын сиретіп кетті. Кезбе кеселдің кесі­рі елдің денсаулығы түгілі, әлеуметтік һәм экономикалық жағ­дайына да әсер етті. Дегенмен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында мемлекет тарапынан дер кезінде іске асырылған шарапатты шаралар ауқымды апат­­тың алдын алып, ауыздықтауға септігін тигізді. Карантин күн­де­лікті қалыпты тіршілігімізді өзгерткенімен, бірлігімізді бұза алмады.

Мемлекеттің қолдауы мығым

413,7 мың адам жұмысқа орналасты

Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, осы жылдың 11 айында 621,4 мың қазақстандық Нәтижелі жұ­мыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдар­ла­ма­сы­­ның қатысушысы болды. Бұл арқылы 413,7 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 269,2 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды. 206,5 мың адам субсидия­ла­натын жұмыс орындарымен қамтылды, оның ішінде 19,1 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 34,1 мың адам жастар практикасына, 153,3 мың адам қоғамдық жұмыстарға орналас­­­тырылды. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында биыл 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыс күші мол өңір­лер­ден 5 665 адам, яғни 1 610 отбасы қоныс аударды. Қысқа мер­зімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, техникалық және кәсіптік білім беру бойын­ша оқытумен 18,4 мың адам қам­тыл­ды.

«Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері жаппай кә­сіпкерлікті дамытуға 12 647 микрокредит берілді, оның ішінде ауыл тұрғындарына 11 162 микро­кре­дит берілді. Микрокредит алушылар 13 585 жұмыс орнын ашты. Сондай-ақ бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 200 АЕК мөлшерінде 43 мыңнан аса мемлекеттік грант беріледі. 1 желтоқсанда 42,4 мыңнан аса грант бөлініп үлгерді. Бұған қоса 33,2 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік не­гіз­­деріне оқытудан өтті», делін­ген министрлік таратқан мәліметте.

Айта кететін жайт, Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде 6,7 мың жобаны іске асыру бас­­­талды, онда 130 мың теңгелік орташа жалақымен 220,7 мың адам жұмыспен қамтылған. ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бо­йынша өтеді. Бұл – әлеуметтік-мәдени нысандарды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, сондай-ақ инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау, елді мекендерді абат­­­тандыру.

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жоба­ларын іске асыру кезінде отан­дық өндірушілердің кемін­де 90%-ының тауарлары мен қызметтерін қолдануды қам­та­масыз ету – ерекше шарт. Жұ­мыс­шылардың кемінде жарты­сын жұмыспен қамту орта­лық­­­тары арқылы жалдай­ды, ба­сым­дық жұмыссыз жас­тар­ға бе­ріледі. Мер­дігерлер сани­тар­лық-эпи­демия­лық шараларды қолдана отырып, қауіп­сіз еңбек жағдайын қам­та­ма­сыз етуге тиіс.

Сонымен қатар 1 желтоқ­сан­да­ғы жағдай бойынша өңірлерде 6,7 мың жоба бойынша жұмыс бас­талды, 220 мыңнан аса жұмыс орны құрылды, оның ішін­де ха­лық­ты жұмыспен қамту орта­лық­­тары арқылы 116 мыңнан аса жұ­мыс орны ашылды. Бағдар­ла­маға қатысушылардың жартысы ауыл тұрғындары, 39%-ы – жастар және 7%-ы – табысы аз аза­маттар. ЖҚЖК шеңберінде жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі – Шығыс Қазақстан (20,6 мың адам немесе 109,2%), Жамбыл (19,7 мың адам немесе 100%), Атырау (7,6 мың адам немесе 106%) облыстарында.

Бұған дейін хабарланғандай, ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте бағдарлама болашақта 100 мыңнан аса тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.

 

Төтенше жағдай кезінде де төлем тоқтамады

Табысын жоғалтқан жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтан­ды­ру қорынан көлемі ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең біржолғы төлем көмегімен қазақ­­­с­тан­дықтарға әлеуметтік қолдау көр­сетілді. Төтенше жағдай ре­жі­­мі мен карантиндік шектеу шара­лары кезінде күнделікті нәпақа­сынан айырылған азамат­тар мемлекеттік қолдаудың атал­ған түріне ие болды. Олардың ішін­де жалақысы сақталмайтын де­ма­лыста жүрген қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, ны­саналы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) сияқты аза­маттық-құқықтық сипаттағы шарт­тар бойынша табыс табатын жеке тұлғалар, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер бар.

Жағдай ушығып, төтенше жағдай режімі созылған 11 ма­мырға дейін 322 млрд теңге сом­а­сында 4,6 млн адамға, ал каран­тиндік шектеу шаралары қолданылған кезде 153,2 млрд теңге сомасында 2,4 млн адамға әлеуметтік төлем тағайындалды.

Карантиндік шектеу шара­ла­­рының қолданылу кезеңіне МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем та­­­­­ғайын­­дауға өтініш биыл 1 қыр­­­­­күйекке дейін қабылданды. Жал­пы жыл басынан бері жұмы­сынан айырылған жағдайда Мем­лекеттік әлеуметтік сақтан­ды­ру қорынан әлеуметтік төлем алу­шы­лардың саны 92,4 мың адамды құрады. Бұл ретте 10 747 аза­матқа төлем қараша айында тағайын­дал­ды.

Қолданыстағы заңнамаға сәй­кес жұмыстан босатылған қыз­­мет­керлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және кейінгі 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған қызметкерге еgov.kz порталында авторизация­­­­­лану, «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау, онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет. Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орта­лы­ғы бос жұмыс орындарын ұсы­на­ды, егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бо­йынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жа­уап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қара­жаты есебінен жұмы­сы­нан айырылған жағдайда төле­нетін әлеуметтік төлем жұмыстан шы­ғу себептеріне қарамастан жүзеге асырылды және жұмыссыз адам жұмыс іздеген кезеңде оны қолдауға арналған.

Бұдан бұрын айтылғандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы жыл­дың 17 қарашасынан бас­тап респуб­ликалық маңызы бар қала­лар мен облыс орта­лық­та­ры­ның тұр­ғындары үшін тестілік ре­жім­де Элек­трон­ды еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашық­тық­тан қызмет көрсету функцио­­­­налын іске қосты. Қанатқақты жоба жұмыс­сыздарды тіркеу рә­сім­де­рін жеңілдету және жұмыс­пен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жұмысынан айрылу бо­йынша әлеуметтік төлемдерді алуды жеңілдету үшін іске қо­сыл­­­­­­ды. Енді барлығын тек интернет, компьютер және электронды цифрлы қолтаңба арқылы ғана іске асыруға болады.