– Күрделі санитарлық-эпидемиялық жағдайда жұмыс істеп жатқан дәрігерлеріміз бен кіші медициналық қызметкерлеріміз қаржылық қолдау шараларының жаңа пакетіне лайықты. Дәрігерлер мен санитарларды жеке қорғаныс құралдарының жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету жұмысын тоқтатуға болмайды, – дейді Г.Мүсілтаева.
Кандидаттың айтуынша, мемлекет қауіпті инфекциямен күресте алдыңғы қатарда жүрген және вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған барлық дәрігерлерге үстемеақы төлеуі тиіс.
– Ел Президенті мемлекеттің денсаулық сақтауға жұмсайтын шығындарын осы жылдан бастап ішкі жалпы өнімнің 5%-на дейін арттыру міндетін жүктеді. Әрине, бұл маңызды қадам. Бірақ бұл қаржы азаматтардың денсаулығын қорғауды тиімді қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Қазақстан Халық партиясының мүшелері таяу жылдары мемлекеттің медицинаға арналған шығыстарының көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Барлық дамыған елдерде денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлінеді. Қазақстан да осы жолды ұстануы керек, – дейді Г.Мүсілтаева.
Кездесуге қатысушылар денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, пайым пікірлері мен шағымдарын жеткізді.
Сондай-ақ Теміртауда Парламент Мәжілісінің депутаттығына осы партияның атынан кандидат Дмитрий Полтаренко «Менің үйім» дағдарыс орталығының мүшелерімен кездесті. Әңгімеге балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жиілеп кетуі өзек болды. Кандидат Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарды өзгерту қажеттігін алға тартып, жазаны қатаңдату керектігін жеткізді.
– Карантин енгізілгеннен кейін әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері жиілеп кетті. Осы жылдың сәуір айында 150 нөмірі бойынша жедел желіге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарынан 300-ден астам өтініш келіп түсті. Зардап шеккендер полицияға қоңырау шала алады. Бірақ зардап шегушілер мұндай жағдайда тәртіп сақшылары көмектеспейді деп қорқады. Себебі полиция қызметкерлері отбасы мүшелерін татуластыруға тырысады. Егер отбасының шырқын бұзған адам жауапқа тартылған жағдайда тек айыппұл ғана төлейді, – дейді Д.Полтаренко.
Кандидаттың пікірінше, қоғамда полиция мен сот жүйесіне сенімсіздік бар. Құқық қорғау және сот органдарында әйелдердің аз ғана өкілінің болуы сот төрелігін зардап шеккендердің пайдасына қол жеткізуді қиындатады.
– Биыл Қазақстанда тек 8 айдың ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бағытында 130 мыңнан астам құқықбұзушылық жасалды. Алайда бірнеше адамның ісі ғана сотқа жетеді. Кейінгі үш жылда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 2,5 есе өсті. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жаңа заң жобасын қабылдау өзекті болып отыр. Қазақстан Халық партиясы осы бағытта белсенді жұмыс істеуге ниетті, – дейді Д.Полтаренко.