Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2020

Б.Сағынтаев ауызбіршілік танытқан алматылықтарға алғыс айтты

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің жаңажылдық құттықтауында өтіп бара жатқан жылда ынтымақтастық пен ұйымшылдық көрсеткен алматылықтарға алғыс айтты,деп хабарлайды Egemen.kz

Б.Сағынтаев ауызбіршілік танытқан алматылықтарға алғыс айтты

Б. Сағынтаев құттықтауды өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Біз өтіп бара жатқан жылмен қоштасарда, әдетте келер жылға үлкен үміт артамыз. 2020 жылдың әрбір күні қай-қайсымыздың да төзімділігімізді тексерген сынақтарға толы болды. Біз мүлдем жаңа, нақты жағдайда өмір сүруге, білім алуға, жұмыс істеуге дағдыландық», деп атап өтті қала әкімі.

Б.Сағынтаев ұйымшылдықтың үлгісін көрсеткен барша алматылықтарға алғыс айтты. Сонымен қатар қала тұрғындары қиын сәттерде бірге болудың қаншалықты маңызды екенін сезініп, бірлікті бағалай білуді үйренгенін, түйсінгенін атап өтті.

«Жаңа жыл әрбір шаңыраққа қуаныш пен бақыт әкелсін! Барлық ізгі тілектеріңізбен үміттеріңіз еселене орындалсын! Балалар мен олардың әке-шешелері, аталары мен әжелері аман болсын! Жаңа жылдарыңызбен!», деп тіледі Алматы әкімі Б. Сағынтаев.