Руханият • 31 Желтоқсан, 2020

Еріктілер тобы балаларды қуантты

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы Назарбаев  Зияткерлік мектебінің еріктілер тобы «Атамекен» балалар ауылының тұрғындарын жаңа жылдық сыйлықтармен қуантты, деп хабарлайды Egemen.kz

Еріктілер тобы балаларды қуантты

Мектеп ұжымы мен кәсіпкерлер демеушілік еткен акция аясында жас зияткерлер «атамекендіктерге» тәттілер мен естелік сыйлықтар үлестірді. Айта кету керек, Зияткерлік мектепте «Қоғамға қызмет» жобасы аясында волонтерлық топ жұмыс жасайды.  Оның белсенділері өңірдегі қайырымдылық шаралардан қалыс қалмай, жабырқаған жандарға үнемі жақсылықтың нұрын төгуде.  

Сондай-ақ мектеп еріктілері аймақтағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үшін облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының Алғыс хатына ие болды.