Сайлау • 01 Қаңтар, 2021

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Есептен шығару куәліктері»

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және  мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді

 

Сайлаушы өзінің болу орнын ауыстырған кезде үстіміздегі жылғы 26 желтоқ­санда және 2021 жылғы 9 қаңтар сағат 18-ге дейін дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға құқылы.

Есептен шығару куәлігін учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші және оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы бойынша береді.

Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.

Сайлаушы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің үш түрін: Парламент Мәжілісіне, облыстың, қаланың (ауданның) мәслихатына ала алады.

Есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру күні сайлаушыны оның келген жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.

Сайлаушы есептен шығару куәлігі бойынша дауыс беру кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде сайлау бюллетеньдерінің әртүрлі санын ала алады.

Облыстың бір ауданы шегінде дауыс беру кезінде сайлаушы Парламент Мәжілісінің, облыстық мәслихаттың және аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлауға қатыса алады.

Бір облыс шегінде (бірақ басқа ауданда, қалада) сайлаушы Парламент Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттарын сайлауға қатысатын болады.

Облыстан тыс жерлерде тек Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлай алады.