Әдебиет • 01 Қаңтар, 2021

Жыл ұсынысы

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балалар тақырыбына қалам тартатындарды «данышпан­дардың ақыны», «данышпандардың жазушысы» дейтін сөз әуелде-ақ қалыптасқан.

Жыл ұсынысы

Оның мәні – бала жанының сонша нәзік, бала қиялының шексіз, бала әлемінің тұнық әрі таңғажайып болатынында жатыр. Оқырман орта жолдан шықпайды, ғайыптан пайда болмайды, ол бесіктен қалыптасады. Бесік жыры, ана әлдиі, ата мен әже ертегісі, халықтық рухани қайнар бастаулар, балалар әдебиеті классикасы арқылы оқырман жетіледі. Кітап оқитын балалар кітап оқитын қоғамды құрады. Ал өз кезегінде оқырман қоғам – ең ізгі, рухани кемел, санасы жетілген, адамгершілік құндылықтары берік орнаған қоғам болады.

Кейінгі жылдары балалар әдебиетінің кенжелеп қалғаны, балаларға арнап жазатын жазушы қаламгерлердің сиреп бара жатқаны анық болды. Оның сан алуан себебі де жоқ емес. Мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс осы мәселе күн тәртібінде тұр. Кезек күттірмес кең тақы­рыпқа айналды. Парламент сенатының депутаттары Үкімет басшысына балалар әдебиетін дамыту бойынша депутаттық сауал жолдады. Сенатор Нұртөре Жүсіп «Тиісті бағдарламалар аясында балалар әдебиетін дамытуға арнайы қаржы бөлуді ұсынамыз. Балаларға арналған кітаптарды басып шығаруға жеңілдік беру үшін қосылған құн салығынан босату қажет» деп ұсынысын айтты. Әдебиетке қатысты мәселеде осы ұсынысты «жыл ұсынысы» деп тапқанды жөн санадық.

 

 

Ерлан ЖҮНІС, Маржан Әбіш,

«Egemen Qazaqstan»