Бекітілген жоспарға сәйкес мерекелік іс-шара мекеме бастығы әділет подполковнигі Дастан Әбдірахманның сотталғандарды құттықтау сөзімен ашылды. Мерекелік іс-шараға сотталғандар бір ай бұрын дайындалып, ерекше атап өтті. Көрермендер залы Жаңа жылдық шыршамен және қабырға газеттерімен безендіріліп, мерекелік кештің сәні аяз ата мен ақшақар қонақтарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады, жаңа жылдық әндер мен көріністер қойған сотталғандарға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
Жаңа жылдық мерекеге мекемеде жазасын өтеп жатқан он екі ару мен сегіз ер адам қатысып, іс-шараның қызықты және көрермендердің көңілін шығатындай етіп өтуіне белсене ат салысты. Ұйымдастырылған іс-шараның соңында мерекелік бағдарламаны жоғары деңгейде ұйымдастырған және оған белсене қатысқан сотталғандар мекеме әкімшілігі атынан алғыстарға ие болып, құнды сыйлықтармен марапатталды.
Шара осымен аяқталмай, оның арты кіші футбол, шашка, шахмат және басқа да спорттық ойындар ұйымдастырумен жалғасын тапты.
«Жалпы, мереке қарсаңында мекемеде ұйымдастырылатын іс-шаралар мекеме бастығымен бекітілген жоспарға сәйкес өтеді. Жаңа жылға арналған бүгінгі коцерттік іс-шара осымен аяқталмайды, алдағы жылғы қаңтардың төртіне дейін әртүрлі спорт түрлерінен сайыстар өткізу арқылы жалғасады» - дейді, сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы әділет майоры Руслан Буралкиев.