Аймақтар • 03 Қаңтар, 2021

Ұрпақтар сабақтастығы

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО-да биылғы Жаңа жыл Уәлиханов ауданындағы Патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, майор Қалқаман Оразов қызметтегі соңғы күні болса оның ұлы Олжас Оразовтың қызметке алғашқы түскен күні болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұрпақтар сабақтастығы

Полиция майоры Қалқаман Оразов құқықтық тәртіп органдарында 27 жыл қызмет атқарып, 2020 жылдың 30 желтоқсанында зейнетке шықты. Ал оның СҚО университетін «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған үлкен ұлы Олжас аудандық полиция бөліміне тергеуші лауазымына тағайындалды.

Отбасындағы кенже ұл Алмат та әке жолын қууды армандап отыр. Ол алдағы жылы ІІМ жоғарғы оқу орнына түсуді жоспарлап отыр.

«Мен, ұлдарыма менің жолымды емес, өз жүрегің қалаған жолды таңда» деуші едім. Маған өз әкем де осы өсиетті үнемі айтып отыратын», дейді Қалқаман Оразов.

Сөйтіп, СҚО-да полициялардың ұрпақтар сабақтастығы осылай жалғасып, дәстүрге айналып келеді. Жыл соңында солтүстікқазақстандық полиция қатары 91 жас офицер және сержантпен толықты. 2020 жылдың соңғы бұйрығымен құқықтық тәртіп органдарымен өз өмірін байланыстыруға шешім қабылдаған 15 маман лауазымға тағайындалды.

Жаңа жыл қарсаңында солтүстікқазақстандық 8 офицер құрметті еңбек демалысына шықты.