Аймақтар • 03 Қаңтар, 2021

Теңіз кенішіндегі стационарда 669 науқас жатыр

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында орналасқан Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 669 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Теңіз кенішіндегі стационарда 669 науқас жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 81 адам коронавирус жұқтырды. Қауіпті індеттен 29 науқас емделіп шықты.

«Коронавирусқа шалдыққандардың арасында Атырау қаласынан 8 науқас тіркелді. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 66 жұмысшыдан, Жылыойауданында 4, Құрманғазы ауданында 3 адамнан COVID-19 анықталды. Науқастардың 11-інде коронавирустың симптомды түрі бар», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір 267 адам үй жағдайында емделуге жіберілді.

Ал облыстық инфекциялық стационарда 103, аудандардағы инфекциялық стационарларда 40 пациент емделіп жатыр. Теңіз кенішінде стационарда жатқызылған науқастар 669 адамға жетіп отыр.