Кездесу барысында «Өңірлік сайлауалды бағдарлама аясында «Казахстанская правда» көшесінде кабельді жоғары вольтты желілер мен бір трансформаторлық қосалқы стансаны қайта құру жоспарлары қарастырылған. Партия жылумен жабдықтау желілерін салу мен қайта құруға қол жеткізетін болады. Сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және қайта құру жоспарда бар», деді Есжан Оразалин.
Осылайша желілердің тозу деңгейі төмендейді. Сонымен қатар партия мүшелері тұрғын үйлердің аулаларын, балалар ойын алаңдарын және аулаішілік жолдарды жөндеуді және абаттандыруды жоспарлап отыр.
Кандидаттар партияның жоспарларын жүзеге асыру үшін сайлаушылардың қолдауы қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ Мәжіліс депутаттығына үміткер Жадыра Таңатарова «Есіктен есікке» акциясы аясында Сайрам елді мекеніндегі Тассай тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Өз кезегінде тұрғындар Nur Otan партиясының өкілін жылы, мерекелік көңіл күймен қабылдап, жұмыстарына табыс тіледі.
Жадыра Нағашыбайқызы тұрғындарға Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ бағдарламаның басым бөлігі қала тұрғындарынан праймериз кезеңінде келген 685 ұсыныс негізінде дайындалғанын жеткізді.
«Nur Otan партиясы халықтық партия және әрдайым халықтық партия болып қала береді. Өйткені бас партия еліміздің әрбір азаматының тағдыры үшін жауап береді. Nur Otan партиясы қуатты және табысты мемлекеттің қалыптасуына ықпал етеді. Партия еліміздің әрбір азаматының мәселелерін жақсы біледі және түсінеді. Бас партияда қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға барлық ресурстар бар», деп атап өтті Ж.Таңатарова.
Сондай-ақ Ж.Таңатарова Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасындағы Шымкент қаласының дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі 10 бағытын (тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы дамыту, экономикалық әлеуетті жақсарту, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау, шалғайдағы елді мекендерді көркейту, экологиялық ахуалды жақсарту, жол және көлік инфрақұрылымы, қоғамдық қауіпсіздік, жастарды қолдау, қаланы цифрландыру) таныстырып, алдағы 5 жыл көлемінде жүргізілетін жұмыстарға тоқталып өтті.
Кездесу барысында тұрғындар қоғамдағы өзекті болып табылатын денсаулық сақтау, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, жолдар және көлік инфрақұрылымы сынды мәселелер бойынша өз сұрақтарын қойды. Кездесуде жергілікті халық өкілі, ақсақал Асан Серікбаев қатаң карантин кезінде партия нақты көмек көрсеткенін айтты. Сонымен қатар ол бүкіл отбасымен 10 қаңтарда сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасайтынын жеткізді.