«2019 жылы коммуналдық қызметтердің жабдықтарын саралағанда, олардың 30% тозғанын көрдік. Арнайы техникаларды жүйелі түрде жаңартып келеміз. Бұл — жұмыстың қарқынын арттырумен қатар, ауа райына қарамастан күндіз-түні жұмыс істеуге мәжбүр коммуналдық қызметкерлердің жұмысына қолайлы.
«Астана Тазалыққа» бірінші кезеңде 60 арнайы техника мен қосымша жабдықтар беріліп отыр. Олар — қалақты тиегіштер, тракторлар, минитиегіштер, сыпырғыш машиналар, бірегей жол машиналары және т.с.с. Биыл «Астана Тазалық» пен «Астана Зеленстройдың» паркі 125 арнайы техникамен және 100 қосымша жабдықпен толығады. Олардың біразын көктемгі-жазғы маусымда қолдануға болады.
Былтыр коммуналдық шаруашылықтардың автопаркі 165 арнайы техника және жабдықпен толыққан болатын. Сонымен бірге, қызметкерлерді ынталандыру да көлеңкеде қалмауы керек: 2019 жылы олардың жалақысы өсіріліп, сыйақы да енгізілді. Бұлайша жағдай жасау биыл да жалғасатын болады», — деп жазды Алтай Көлгінов.