Аймақтар • 05 Қаңтар, 2021

Есептегі азаматтарға азық-түлік таратты

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңақорған аудандық пробация қызметі жылдың  басын жақсылықтан, қайырымдылық көмек көрсетуден бастады. Аудандық әлеуметтік бағдарламалар және хал актілер тіркеу бөлімімен бірлесіп, пробация қызметі есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратты, деп хабарлайды Egemen.kz

Есептегі азаматтарға азық-түлік таратты

«Жақсылық жасау баяғыдан келе жатқан салтымыз. Пробация есебіндегі азаматтар арасында жағдайы төмен отбасылар бар. Сол себепті  үнемі азық-түлік таратып, әлеуметтік  көмек көрсетіп  келеміз», деді аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Анарбек Ысқақов.