Аймақтар • 05 Қаңтар, 2021

Ақтөбеде үйдегі өрттен бір адам қаза болды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде екі қабатты үйден өрт шығып, 36 жастағы ер адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбеде үйдегі өрттен бір адам қаза болды

Бүгін сағат 15:48-де Ақтөбе қаласы Нариманов көшесіндегі үй өртенді. Хабарлама түскен бойда қалалық өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 21 адам, 4 техника аттандырылды.

«Өрт сөндірушілердің және құтқарушылардың көмегімен аман қалған 48 жастағы әйел және 61 жастағы ер адам медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Болжам бойынша олар газдан уланған. Екеуі де облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ өртенген үй ішінен 1984 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Өрт сағат 17.45-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Ақтөбе облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 телефондарына қоңырау шалыңыз», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.