Сайлау • 06 Қаңтар, 2021

Партияның ұсыныстарын таныстырды

332 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат жұмыстары Павлодар қаласында жалғасты. Партияның Павлодар облыстық штабының белсенділері өңірдегі бірнеше кәсіпорында болып, сайлаушылармен кездесті.

Партияның ұсыныстарын таныстырды

Партия белсенділері алдымен «Жаңа Роса» компаниясын аралап көрді. Бұл кәсіп­орын – елдегі ең көне сыра зауыт­тары­­ның бірі. Кәсіпорын Olvrieka (Бель­гия), Berkefeld, Krones A.G., KHS и NIKO (Германия) секілді шетелдік ком­па­ния­лармен әріптестік орнатқан. «Жаңа Роса» тек сыра өндірісі­мен ғана емес, түрлі алкогольді емес сусын­дарды, шы­рынд­арды және минерал­ды су шы­ғару­ды да жолға қойып отыр. Кәсіп­орын­ның үлкен ерекшелігі – жастар­дың потен­циа­лына ерекше мән беруінде. Бұл ретте «Ақ жол» партиясы мен кәсіп­орын жетек­ші­лерінің ойы бір жерден шы­ғып отыр. Партия белсенділері осы ұжым­дағы жұ­мыс­шыларға партия ұсы­нып отырған елі­мізде жастарға көрсе­тілуге тиісті қолдау шараларының тізбегін таныстырды.

Ақжолдықтар одан бөлек «Реал-Строй-ПВ» серіктестігінің жұмыс­­шы­ларымен де кездесіп, олар­дың  ой-пікірін тыңдады. «Реал-Строй-ПВ» – құрылыс компаниясы. Серік­тес­тік негізінен саяжайлар мен коттедждер салуға маманданған. Одан бөлек құрылыс компаниясы кейбір ғимараттарға реконструкция жасайды және жол жөндеу жұмыстарымен айналысады. «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы мұнда партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде әңгімелеп берді.

Ал Алматы қаласында жастармен өткен кездесуде партия көшбасшысы Азат Перуашев Қазақстанға еркін, мық­ты және өзіне сенімді жастар қажет екенін мәлімдеді. Шараға партияның қала­лық филиалының төрағасы Қуандық Бис­құл­танов, Мәжіліс депутаттығына кан­­ди­даттар – партия төрағасының орын­­басары Дмитрий Васильев, KBT Group ком­паниясының бас директоры Азат Сем­­бинов қатысты. KBT Group кәсіп­ор­нының басшылығы компания қойма­сында экскурсия ұйымдастырып, жобалары мен жұмыс жағдайын таныстырды.

«Ақ жол» басшысы партияның жас қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары туралы айтты. Оған жатақханалар салу қажеттілігі туралы және әр баланың дүниеге келуімен ипотеканы субсидиялау бойынша ұсыныстар жатады.

«Ақ жол» үгіт-насихат тобы жас сайлаушыларды демократиялық партияның бизнесті қолдау бойынша ағымдағы жұмысы мен бағдарламалық міндеттері туралы хабардар етті.

Сонымен қатар ол партияның Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемесін 4-5%-ға дейін төмендету, кейіннен ЕДБ кредиттері бойынша да пайыздарды төмендету жөніндегі ұсыныстары туралы еске салды.

«Елдің әлеуметтік-экономикалық және сая­си жүйелеріне түбегейлі өзгеріс­тер қа­жет», дейді ақжолдықтар. Осылай­ша пар­тия мүшелері жастарды 2021 жыл­дың 10 қаңтарында сайлауға қатысуға ша­қырады. «Ақ жолдың» үгіт-насихат жұмыс­тары жалғасуда. Партия өзінің бағ­дар­ламалық міндеттерін жүзеге асыру және сайлаушылардан келіп түс­кен өті­ніш­тер бойынша жұмысын да ілгерілетуде.