Аймақтар • 06 Қаңтар, 2021

Кіреберістегі камера ұрыны құтқармады

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың Айыртау көшесіндегі бір үйдің кіреберісіне жылынып алмақ болып кірген 37 жастағы арамза  төртінші қабаттағы балалардың шанасын ұрлап кеткен. Ұрлықты жылдам ашуға криминалистердің жұмысы мен кіреберістегі камералар септігін тигізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кіреберістегі камера ұрыны құтқармады

Келесі күні күдікті анықталып, ұсталды. Олжалаған затты ол өтіп бара жатқан бөгде адамға екі мың теңгеге сатып жібергенін айтқан. «Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған 15 мың теңге көлеміндегі шығынды өтейтін болды», - деді Бірінші полиция бөлімі бастығының орынбасары Талғат Смағұлов.

Өткен жылы Жедел басқару орталығының бейне бақылау камераларының көмегімен 157 қылмыс ашылды. Бүгінгі таңда Петропавлда 700-ден астам үйдің кіреберісі жабдықталған.