Қоғам • 06 Қаңтар, 2021

Алик Шпекбаев «Жыл тұлғасы» атанды

603 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі елдің мәдени және әлеуметтік-саяси өміріне елеулі үлес қосып жүрген мемлекет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері арасында 2020  жылдың үздіктерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Бұл жылы бірлестік отырысының шешімімен «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» номинациясы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа берілді.

Алик Шпекбаев «Жыл тұлғасы» атанды

Қоғамдық бірлестіктің төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгелдің айтуынша,  А.Шпекбаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес қала, аудан, ауылдық әкімдіктерді сервистік үлгіге толығымен көшірудегі қомақты үлесі, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға белсене қатысу, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тұтынушыға бағдарлануын қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Адалдық алаңы» жобасын насихаттау, қоғам пен мемлекет арасындағы диалог алаңына айналған «Antikor Ortalygyn» ашу, сонымен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамаларды іске асыру және т.б. бірқатар бастамалары үшін марапатталған.

Еске салайық, осыған дейін бұл номинацияға Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ие болған еді. Сол сияқты 2011 жылдан бері еліміздегі танымал тұлғалар бірлестік лайық деп тапқан номинацияларды иеленіп келеді.

Айта кетейік, қоғамдық бірлестіктің мақсаты – халықты бірлікке, ынтымаққа шақыру, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жастарды патриоттық тәрбиелеу, жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу.