Нұр-Сұлтан қаласы спортшыларының ақшалай қамтылым мөлшері ұлғайып, ай сайынғы төлемақы алатын спортшылар саны 84-тен 157-ге дейін артқан. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев Egemen.kz сайтына берген сұхбатында айтып бреді.

– Нұр-Сұлтан қаласындағы Дене шынықтыру және спорт басқармасының 2020 жылы атқарылған жұмыстарға көңіліңіз тола ма? Бұл ретте басты жетістіктер деп қандай ауқымды іс-шараларды атар едіңіз?
– Әңгімеміздің басын қуанышты жаңалықпен бастайын. 2020 жыл елдегі ахуалға қарамастан елорда спортшылары үшін табысты жыл болды. Нұр-Сұлтан қаласы спортшыларының ақшалай қамтылым мөлшері ұлғайып, ай сайынғы төлемақы алатын спортшылар саны 84-тен 157-ге дейін артты. Спорт саласындағы оқытушы-жаттықтырушылардың да еңбекақысы 2020 жылы 25 пайызға дейін көтерілді. Яғни 2019 жылы 75 мың болған болса, 2020 жылы – 93 750 теңгеге өсті. Енді 2021 жылы оны 50 пайызға дейін көтеру жоспарда бар. Егер бәрі оңынан шешілсе спорттағы оқытушы-жаттықтырушылардың еңбек ақысы 112 500-ға көбейеді.
Сабақты ине сәтімен демекші, биыл Нұр-Сұлтанда бұдан өзге де көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды.
– Ендеше солардың бірқатарына жеке-жеке тоқталып өтсеңіз.
Алдымен басқарма жұмыс жүйесін цифрландыру мақсатында жоспар жасалып, қазіргі таңда «E-sport» бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылғанын айта кеткен жөн. Бұл біздің жұмысымызды жедел әрі жүйелі түрде атқаруға септігін тигізеді. Сонымен қатар осы жылы мемлекеттік жекешелік серіктестік аясында «Қазақстан» спорт сарайын жаңғырту мақсатында екіжақты келіссөздер жүргізіліп, келісімшарт жасалды. Ал «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында «Толқын», «Жеңіс», «Барыс» спорт кешендерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылды. Аталған бағдарлама бойынша Үрмелі футбол манежінде де жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ол туралы жақында арнайы хабарлайтын боламыз. Күні кеше «Астана Арена» стадионының футбол алаңы да ауыстырылды. 16 қарашада заманауи жоғары технологиялармен жабдықталған Жеңіл атлетикалық спорт манежі пайдалануға берілді. Ол жеңіл атлетиканың барлық бағытын дамытуға, спортшылардың республикалық додаларға, халықаралық жарыстарға, әлем чемпионаттарына және жазғы Олимпиада ойындарына дайындалуына жағдай жасайды.
Биыл елордалық спортшылар үшін табысты жыл болды. Ел чемпионаттары мен өзге де түрлі жарыстарда саңлақтарымыз 1 548 медалді (574 алтын, 482 күміс, 492 қола) қанжығаларына байлады. Жергілікті спортшылардың 25-і «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 83-і «спорт шебері», 250-і «спорт шеберіне кандидат», 43-і «I-спорттық разряд» атағын иеленді. Жыл қорытындысы бойынша спортшылар мен жаттықтырушылар, спорт қызметкерлері қала әкімі Алтай Сейдірұлының алғыс хаттарымен арнайы марапатталды.
Тағы бір маңызды жаңалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен елордалық спорт мектебінде тұңғыш рет пара спорт түрінен следж-хоккей бөлімшесі ашылды. Бұл жанкүйерлер үшін де, спортсүйер қауым үшін де 2020 жылдағы айтулы оқиғалардың бірі болды. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған спорт мектебіне 2 инватакси берілді.
Елордамызда бүгінгі таңда 11 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмысын жалғастыруда. 73 бөлімшеде 8 032 спортшы спортпен шұғылданады. Оның 57-і олимпиадалық, 16-сы олимпиадалық емес, ұлттық және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорт түрлеріне жатады. Осы ретте айта кетейік, бас қаламызда барлығы 975 спорттық нысан жұмыс істеп тұр.
Басқармаға бағынысты 7 мекеме бір ғимаратқа орналастырылып, екі мекеме спортты дамыту дирекциясы деп қайта құрылды. Спортшыларға толыққанды жаттығу жұмысын жүргізуге арналған құрал-жабдықтар мен арнайы спорттық киім-кешектер алынды. Сондай-ақ жарысқа қатысушылардың іс-сапарға бөлінетін қаржылары қолма-қол ақшасыз есеп айырысу түріне ауыстырылды.
– Сіз басқарып отырған салада өткен жыл несімен есте қалды? Келер жылдың жоспары қандай?
– Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Бірақ тышқан жылы бүкіл әлем елдері үшін ауыр жыл болды. Небір айтулы жарыстар кейінге шегерілді, тіпті кейбірі өтпей қалды. Төрткүл дүние көз тіккен Токио Олимпиадасының өзі алдағы жылы өтетін болды. Карантин шараларын сақтай отырып бүгінде спорттық жарыстарды ұйымдастыру әлі де жалғасып жатыр. Карантиндік шектеулер қаперге алынып, бүгінге дейін онлайн форматта 18 іс-шара, танымал спортшылармен 27 кездесу өткізілді.
Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов басқармаға қарасты мекеме басшыларымен, спорт түрлері бойынша федерация президенттерімен кездесті, өзекті мәселер қарастырылып, олар толықтай бақылауға алынды. Жылды қорытындылау мақсатында 2020 жылы атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, келер жылға спорт түрлері бойынша қаржылық және дайындық жоспарлары бекітілді. Келер жылдан үмітіміз көп. Алда түрлі жоспарларды іске асыруымыз керек. 2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы тұңғыш арнайы спорттық медициналық орталық ашылады. Қазіргі таңда қалада 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ильинка, Көктал-2, Өндіріс, Железнодорожный тұрғын алаптарында салынып жатқан спорт кешендері 2021 жылы қолданысқа беріледі. Алдағы оқу жылынан бастап «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына 50 қала әкімінің гранты бөлінетін болды. Бұл да болса спортқа қызығушы жастар үшін үлкен қолдау екені сөзсіз.
2020 жылы атқарылған жұмыстар легі осындай. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Келер жылда да жемісті жұмыс істеп, қазақ спортының дамуына өз үлесімізді қосуға бірлесе атсалысамыз.
- Иә шынымен елдегі ахуалға қарамастан елорда спортында үлкен бір серпіліс болған екен. Жұмыстарыңызға табыс тілейміз, Самат Серікханұлы, сұхбатыңызға рахмет.
Қазақстанда 25 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Димаш Құдайбергеннің «DIMASH DIGITAL SHOW» концерті көрсетіледі
Қазақстан • Бүгін, 10:04
Балқашта ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:57
Батыс Қазақстан: қызыл аймаққа – бір қадам
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Атырау тұрғындары Экология министріне «Табиғат» қорын құруды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 09:34
Алматыда ҰБТ басталды: Эпидемиялық талап басты назарда
Білім • Бүгін, 09:30
Коронавирус: Тараз «сары аймаққа» енді
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:15
Пневмонияның 118 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:09
Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 жарым мыңнан астам пәтер үлестіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Су добынан әйелдер командасы жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 09:06
Коронавирустан бір күнде 948 адам жазылып шықты
Қазақстан • Бүгін, 09:05
Қазақстанда өткен тәулікте 1134 адам коронавирус жұқтырған
Қазақстан • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:49
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Оқиға • Бүгін, 08:45
Жетісуда індет жұқтырғандар көбейді
Қоғам • Бүгін, 08:43
Электронды қызмет көрсетуге көшті
Аймақтар • Бүгін, 08:41
Экономика • Бүгін, 08:40
Үздіктер тізімінде кімдер бар?
Спорт • Бүгін, 08:30
Спорт • Бүгін, 08:29
Он үш жасар оғлан ересектер арасында ел чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Руханият • Бүгін, 08:23
Руханият • Бүгін, 08:21
Өнер • Бүгін, 08:18
Оқиға • Бүгін, 08:11
Руханият • Бүгін, 08:07
Цифрлы келешек және ұлттық құндылықтар
Технология • Бүгін, 08:06
Қоғам • Бүгін, 08:03
Жарна төлеу қалай жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 08:02
Қоғам • Бүгін, 08:01
Қоғам • Бүгін, 07:59
Қазақы атаулар жаңа жылда арта түседі
Руханият • Бүгін, 07:58
Ұлықтайтын адамдарды ұмытпайық
Руханият • Бүгін, 07:56
Балабақшаға екі жастан барса...
Білім • Бүгін, 07:52
Саясат • Бүгін, 07:47
Табыс салығын есептеу мәнісін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 07:45
Қайта өңделген алюминийге мұқтаж
Экономика • Бүгін, 07:43
Ескі техникадан құтылудың жолы
Экономика • Бүгін, 07:42
Қаржы • Бүгін, 07:41
Шетелден жұқтырып келушілер де бар
Аймақтар • Бүгін, 07:38
Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға да шүкіршілік ете алмайды
Руханият • Бүгін, 07:35
Пікір • Бүгін, 07:33
Пікір • Бүгін, 07:32
Әлем • Бүгін, 07:30
Қазақстан эволюциялық жолмен жүреді
Пікір • Бүгін, 07:29
ЕАЭО-ға төрағалық кезеңіндегі міндет-мақсаттар айқындалды
Саясат • Бүгін, 07:27
Пікір • Бүгін, 07:26
Алдағы бағытымызды айқындап тұр
Пікір • Бүгін, 07:25
Халықты жаппай вакциналау басталады
Үкімет • Бүгін, 07:23
Аязда қатпайтын «Аltay-45» (Бұл – дизельдің жаңа түрі)
Оқиға • Бүгін, 07:21
Сегізінші маусымдағы тың серпін
Театр • Бүгін, 07:20
Әлем чемпионаты Минскіде өтпейді
Хоккей • Бүгін, 07:20
Дэвис кубогының шешуші бәсекелері 11 күнге созылады
Спорт • Бүгін, 05:00
Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жарыс өтеді
Спорт • Бүгін, 04:25
Меркель Германияда карантиннің 14 ақпанға дейін ұзартылғанын хабарлады
Әлем • Бүгін, 04:15
Су добынан Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан Грекияға есе жіберді
Спорт • Бүгін, 04:00
Тау шаңғышыларының табысы толағай
Спорт • Бүгін, 03:30
Алматыдан оңтүстікке қарай 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 03:00
Жамбыл облысында су басуы ықтимал 38 елді мекен анықталған
Аймақтар • Бүгін, 02:30
Биатлоншылар Антхольцке аттанды
Спорт • Бүгін, 02:01
Әли Әлиев «Шахтердің» бас бапкері болып тағайындалды
Спорт • Бүгін, 01:42
ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында Финляндияның «Йокеритін» ұтты
Хоккей • Бүгін, 01:37
Жамбыл облысындағы Қызылқайнар ауылына ауызсу тартылды
Аймақтар • Бүгін, 01:33
Пандемия салдарынан Өзбекстанда қалып қойған шетелдік әйелдің оқиғасы
Әлем • Бүгін, 01:15
Қарағанды облысында 39 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанның бес ауданында карантин күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Алматыдан 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар