Қоғам • 06 Қаңтар, 2021

Сенаторлар ұстаздармен кездесті

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Бақытжан Жұмағұлов пен Нұрлан Бекенов Ақмола облысында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар ұстаздармен кездесті

Сенаторлар сапар барысында Бурабай ауданындағы оқу орындарында, оның ішінде дарынды балаларға арналған мектепте, Ақкөл ауданында орналасқан «Smart Aqkol-2018» демонстрациялық-ахуалдық орталығында және басқа да бірқатар әлеуметтік маңызды объектілерде болды.

Депутаттар соңғы талаптарға сай жабдықталған білім беру ұйымдарының жұмысымен танысып қана қоймай, ондағы қызметкерлермен, ұстаздармен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар сенаторлар ұстаздарға өткен жылдың соңында Парламент қабылдаған «Білім туралы» Заңға енгізілген маңызды өзгерістер мен толықтырулар, оның ұстаздар қауымына пайдасы жөнінде ашып айтып берді.

Сенаторлар одан әрі Республикалық ғарыштық байланыс орталығында болды. Мекеме директоры бүгінде 52 инженері бар орталықтың жұмысымен таныстырды.

Сапар барысында депутаттар өңір басшыларымен кездесіп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту, өңірді дамыту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар