Облыстық филиал өткен жылы облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы, қала және жеті ауданмен 21 келісім-шарт жасасыпты. Соның негізінде салынып жатқан жолдарға сапасын тапсырыс берушімен бірлесе бақылау жүргізген..
- Біз автомобиль жолдары мен елді мекендердегі, қала көшелеріндегі жүргізілген жұмыстарға және қолданылатын материалдардың сапасына сараптама жүргізудеміз. Мәселен өткен жылы 1282 сынама алынып, 621 жол құрылыс материалдары талапқа сай еместігі анықталды. Бүгінде орын алған олқылықтардың санын азайды.. Жол сапасын жақсарту арқылы алдыңғы қатарлы мемлекеттер санатына көтерілуге тиіспіз. Автомобиль жолдарының талапқа сай болуын назардан тыс қалдырмаймыз, -деді филиал директоры Ерболат Көштаев.