Оқиға • 07 Қаңтар, 2021

Факультетке Бауыржан Момышұлының есімі берілді

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Жалпы әскери факультетіне аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының есімі берілді.

Факультетке Бауыржан Момышұлының есімі берілді

Салтанатты рәсім Кеңес Ода­ғының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орайластырылды. Аталған іс-шараға басшылық, профессорлық оқытушы құ­рам мен университеттің тыңдау­шы­лары қатысты.

«Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен ерліктері әр­қа­шан барлық офицерге және жас ұрпаққа үлгі болары анық. Батырдың есімі берілген жалпы әскери факультетінің ашылуы біздің оқу орнына факультет ма­гистранттарын даярлауда зор үле­сін қосады деп үміттенемін», – деп атап өтті Ұлттық қорғаныс уни­верси­те­тінің бастығы, генерал-лейтенант Сұл­тан Қамалетдинов.

Салтанатты жағдайға қа­ты­сушылар командирді құрметпен еске алып, оның өмірі мен ерлік­тері туралы қызықты фактілермен бөлісті. Өскелең ұрпақты тәрбие­леуде батырды үлгі етудің маңыз­дылығын атап өтті.

Осы күні аты аңызға айналған Бауыр­жан Момышұлын еске алу құр­метіне ескерткіш бұрыш ашылды.

«Жедел-тактикалық бас­қа­­­­ру буы­нының жоғары бі­лік­ті офи­­­церлерін, болашақ қолбас­шы­ларды даярлайтын жетекші фа­куль­теттердің бірі Бауыржан Мо­мышұлының есімі­мен аталады», деп толықтырды Жедел өнер және тактика кафедрасының бастығы полковник Эрнест Жүсіпов.