Саясат • 07 Қаңтар, 2021

Қоғамдық кеңестер жұмысын жетілдірудің маңызы зор

283 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстандағы Қоғамдық кеңестер қызметін дамытудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында брифинг өтті.

Қоғамдық кеңестер жұмысын жетілдірудің маңызы зор

Спикер Қоғамдық кеңестер туралы заңның негізгі бағыттары жайлы баяндады. «Осы заң қоғамдық кеңестер институтының қызметін жетілдіруге ба­ғытталған бірқатар өзгерісті ұсынды. Қоғамдық кеңестердің тәуелсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қо­ғамдық кеңесті қалыптастыру жөнін­дегі жұмыс тобының басшысын аза­маттық қоғам өкілдері қатарынан сайлау ұсынылады», деді Ақпарат және қо­ғам­дық даму вице-министрі Болат Тлепов.

Сонымен бірге, вице-министр Қо­ғамдық кеңестер кандидаттардың қа­тарынан Резервтік парақты өздері қалыптастырады және шығып қал­ған­дардың орнына жаңа мүшелерді сай­лауға қосымша конкурстар өткізе ала­тындығы жөнінде айтып берді. Атал­ған нормалар қоғамдық кеңестер қыз­метінің тиімділігін арттыруға мүм­кіндік береді, себебі кеңестер құрамын дер кезінде қалыптастыру – өз шешімін талап ететін мәселелердің бірі.

Заңда жергілікті деңгейде сандық құрамды және республикалық деңгейде қоғамдық кеңестер құрамының сандық параметрлерін белгілеу бойынша бірыңғай тәсіл ұсынылады. Қоғамдық бақылаудың нысандары болып табылатын қоғамдық тыңдауды, қоғамдық сараптаманы, қоғамдық мониторингті, мемлекеттік органдар басшыларының есептерін ұйымдастыру және өткізу тәртібін нормативті түрде бекіту ұсы­нылады. Қоғамдық кеңестерге қоғамдық бақылаудың әртүрлі нысандарын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тарту мүмкіндігін беру ұсынылады.

Брифинг барысында Б.Тлепов: «Ақпа­рат және қоғамдық даму министр­лігі Қоғамдық кеңестер мәселелері жө­ніндегі уәкілетті орган ретінде айқын­далады, оның құзыретіне Қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру кіреді», деп атап өтті.

Мемлекет басшысына Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы жыл сайын­ғы Ұлттық баяндаманы дайындау және енгізу ұсынылады. Заңда Қоғам­дық кеңес қызметінің жекелеген ас­пектілерін қаржыландыру моделін енгізу ұсынылды, бұл ретте Қоғам­дық кеңестердің мүшелері өз қыз­метін қоғамдық негізде жүзеге асыратын болады, ал кеңестердің қызметін ұйым­дас­тырушылық қамтамасыз ету тиісті бюджет (республикалық және жергілікті) есебінен қаржыландырылатын болады. Мемлекет басшысының Қазақ­стан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау шеңберін­де квазимемлекеттік сектор субъекті­ле­рінде Қоғамдық кеңестер құру бойын­ша түзетулер енгізілген, олардың өкілет­тіктері, құқықтары мен міндеттері бел­гі­ленді, сандық құрамы айқындалды.

Заң жаңалықтарының бірі – Қо­ғам­дық кеңестер мүшелеріне мем­лекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сатып алу комис­сия­лары­ның жұмысына қатысу құқығын беру болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық кеңестер мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалог нысаны ретінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында құрылған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар