Аймақтар • 07 Қаңтар, 2021

Шығыс Қазақстанда 8 көлік өртеніп кетті

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылдың бес күнінде-ақ 8 көлік отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда 8 көлік өртеніп кетті

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі 5 қаңтарда Семейде 3 көліктен өрт шыққанын мәлім етті.

Атап айтқанда, Рудная көшесінде орналасқан екіқабатты тұрғын үйдің ауласындағы гараждың шатырын, қабырғаларын және соның ішіндегі Toyota Сresta көлік жана бастаған.

Сондай-ақ қала көшелеріндегі Volkswagen Passat және Лада Калина автокөліктері өртеніп кетті.

Бұдан бөлек, Аягөз қаласындағы жеке тұрғын үй маңындағы гараж шатырының ағаш құрылымдарын және іште тұрған 2016 жылғы Subaru Forester көлігін жалын шарпи бастаған.

«Жалын шарпыған аумақ 24 шаршы метрді құраған. Өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істеуден болуы мүмкін», дейді ведомство өкілі.

Жалпы, облыс бойынша бес  күнде 8 көлік өртенген.