Саясат • 07 Қаңтар, 2021

Сыртқы істер министрлігі «Әл-Ула Декларациясына» қатысты мәлімдеме жасады

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі «Әл-Ула Декларациясына» қол қойылуын құптайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыртқы істер министрлігі «Әл-Ула Декларациясына» қатысты мәлімдеме жасады

«Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне мүше елдердің 41-ші саммиті барысында «Әл-Ула Декларациясына» қол қойылуын құптаймыз.

Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн мен Мысыр және Қатар Мемлекеті арасындағы қатынастардың жақсаруы осы елдердің бауырлас бірлігінің нығаюына және өңірдің одан әрі өркендеуіне қызмет етеді.

Бұл қадам 2016 жылғы ИЫҰ-ның Ыстанбұлдағы саммитінде Қазақстан ұсынған Исламдық татуласу үрдісінің идеясына сай келеді.

Таяу Шығыс өңіріндегі барлық елдермен әріптестік қарым-қатынастарды дамытуға дайындығымызды білдіреміз», делінген мәлімдемеде.