Қоғам • 07 Қаңтар, 2021

Ақтөбеде есірткі заттарын заңсыз тасымалдаудың 3 дерегі анықталды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасының екі күнінің нәтижесі бойынша 35 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде есірткі заттарын заңсыз тасымалдаудың 3 дерегі анықталды

Осы жылдың 5-7 қаңтар аралығында  қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстардың алдын алу және  әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау  мақсатында  республика көлемінде “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу  іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның екі күнінің нәтижесі бойынша тіркелген 35 қылмыстың 20-сы ізі суымай ашылса, өткен жылдан іздеуде жүрген екі адам ұсталды.

Тыйым салынған заттар, яғни қару-жарақ және суық қару ұстаудың 85 дерегі анықталды.

– Есірткі заттарын заңсыз тасымалдаудың үш дерегі; – заңсыз қару тасымалдаудың екі дерегі;

– суық қару (пышақ) алып жүрудің 80 дерегі анықталды.  Сонымен қатар, барлығы 1167 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды, оның тұрмыстық-жанжалдық қатынаста – 51, ұсақ бұзақылық– 144, қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе мас күйінде жүрудің-147 дерегі анықталса, уақытша уытсыздандыру және айықтырғышқа – 69 адам жеткізілсе, қабылдап-тарату орнына ешқандай құжатсыз жүрген бес адам жеткізілді.