Елбасы • 07 Қаңтар, 2021

Елбасы туралы деректі фильмнің жалғасы көрсетіледі

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Тwitter парақшасында 8 қаңтар күні «Хабар» арнасында ҚР Тұңғыш Президенті туралы «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы көрсетілетінін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елбасы туралы деректі фильмнің жалғасы көрсетіледі

«Хабар арнасында 8 қаңтарда сағат 21.45-те «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы көрсетіледі. Фильмнің үшінші сериясында саясатқа қатысты сұрақтар аз болады. Көбінесе Елбасының жеке өмірі және бұрын белгісіз болып келген дүниелер айтылады», деп жазды Айдос Үкібай.

«Адамдар кешірімді, мейірімді болып, бір-біріне қолұшын созуы керек»,  дейді Нұрсұлтан Назарбаев деректі фильмнің видео-анонсында.

Сондай-ақ Елбасы өмірден өткен жиені туралы да айтады.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметінің YouTube-парақшасында «Штрихи к портрету» деректі фильмінің 1-ші сериясы өткен айда жарияланған еді.