Өткен жыл отандық кәсіпкерлерге сынақ кезеңі болған-ды. Мемлекет тарапынан оларға барынша қолдау көрсетілді. Ел Президентінің тікелей тапсырмасымен қолға алынған қолдау шаралары өз жемісін берді де.

Коронавирустың ел аумағында жедел таралуына байланысты 2020 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысы республикада төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Іле экономиканы тұрақтандыру жөніндегі шаралар қабылданды.
Ұлттық экономика министрлігінің ресми мәліметтеріне сүйенсек, 2020 жылғы 16 наурыз – 15 маусым аралығында екінші деңгейлі банктерден несие алған 12,5 мың шағын және орта бизнес субъектісінің 165 млрд теңге көлеміндегі кредитін төлеу мерзімі кейінге қалдырылды. Бұл жеңілдікті банктерден несие алған 30 мың субъектінің шамамен 40 пайыздан астамы пайдаланды.
Елдегі жағдай ескеріле отырып, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасындағы салалық шектеулер алынып тасталды. Сөйтіп кез келген шағын және орта бизнес субъектісі бағдарламаға қатысып, жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік алды. Бір кәсіпкерге берілетін несиелік қолдау мөлшері 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Айналым қаражатын толықтыруды қаржыландыру 500 млн теңгеге дейін кеңейді. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шағын несие берудің жаңа құралы енгізілді. Кепілдік беру құралы бойынша сома 1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
2020 жылғы 20 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында субсидиялау құралы бойынша 358 млрд теңгенің 3 227 жобасы, кепілдік беру құралы бойынша 237 млрд теңгенің 5 689 жобасына қол қойылған. Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде экономиканың зардап шеккен секторларында 12 ай кезеңінде шағын және орта бизнестің барлық қолданыстағы кредиттері бойынша жылдық 6 пайызға дейінгі пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау көзделген.
2021 жылдың соңына дейін 800 млрд теңгеге 8 пайыздық мөлшерлеме бойынша шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы жұмыс істейді. 2020 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 492 млрд теңгеге 4 962 қарыз берілген.
Ұлттық экономика министрлігі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша кредиттеудің жалпы көлемі 400 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге дейін ұлғайғанын айтады. 2020 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 462 млрд теңгеге 2 038 жоба мақұлданып, қаржыландырылған.
Сонымен қатар пандемияға байланысты салықтық жеңілдіктер де жасалды.Атап айтқанда, 2020 жылдың соңына дейін ірі сауда нысандары, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер және спорт нысандары мүлік салығын төлемейтін болды.
Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібімен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер де жыл соңына дейін жеке табыс салығынан босатылды. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандарды қамтитын биологиялық активтерінің импортына қосымша құн салығы салынбайтын болды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығын төлеуден босатылды.
Бұдан бөлек, бағаның өсуін тежеу үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосымша құн салығының мөлшерлемесі 2020 жылдың 1 қазанына дейін 12 пайыздан 8 пайызға дейін төмендетілді. Қоғамдық тамақтану, қонақүй және туристік қызмет салаларында жұмыс істейтін салық төлеушілерді жыл соңына дейін мүлік салығынан босату белгіленді. Қазақстан Республикасының аумағында бензин, дизель отыны бойынша акцизделетін тауар өндірушілер акциз төлеуден босатылды.
Салықтық әкімшілендіру шаралары да қабылданды. Соның нәтижесінде 2020 жылғы 1 маусымға дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді және әлеуметтік жарналарды (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қызметкер үшін әлеуметтік және медициналық сақтандыру) төлеу, сондай-ақ салықтық, кедендік және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу кейінге қалдырылды. Бизнеске фискалдық қысымды төмендету мақсатында төтенше жағдай кезеңінде салықтық тексерулер тоқтатылды.
Микро, шағын, орта бизнес субъектілері үшін 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін, ірі бизнес субъектілері үшін 1 шілдеге дейін еңбекақы төлеу қорынан салықтың және басқа да міндетті төлемдердің нөлдік мөлшерлемелері белгіленді.
Ұшуды тоқтата тұру кезеңінде инфрақұрылымды қолдау және жұмыс орындарын сақтау мақсатында барлық әуежайлар ағымдағы жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейін мүлік салығынан босатылды. Әуе кемелерінің лизинг мәмілелеріне техникалық қызмет көрсету және заңдық сүйемелдеу бойынша резидент еместер үшін қосылған құн салығын төлеуді жыл соңына дейін кейінге қалдыру ұсынылды.
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жұмыс көлемінің төмендеуін ескере отырып, жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, сот орындаушылары, медиаторлар) ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін мүлік салығынан босатылды. Медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорынан барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдерден үстемеақылар алынып тасталды.
Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін 2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын ұсыну мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылды.
2020 жылғы 1 маусымнан 2020 жылдың соңына дейінгі кезеңде тау-кен металлургия кешені кәсіпорындары үшін қосымша құн салығын автоматты түрде қайтару (тексерусіз қайтару) мөлшері 70 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтылды. Тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің 33 пайызын 2020 жылдың екінші және үшінші тоқсанынан 2021 жылғы 10 сәуірге ауыстыру көзделген.
Азаматтық авиация саласына экономиканың ең көп зардап шеккен секторларының бірі ретінде салықтық жеңілдіктер берілді. Дәлірек айтсақ, 2020 жылдың соңына дейін ұшақтарға қосалқы бөлшектер импортына қосымша құн салығы алынып тасталды. 2020 жылдың соңына дейін әуежайлардың жер салығын және жер учаскелерін пайдалану төлемақысы жойылды.
Тұтастай алғанда, аталған шараларды қабылдау әуежайлардың инфрақұрылымын қолдауға, жұмыс орнын сақтауға және экономикалық өсуді қалпына келтіруге бағытталды.
Дер кезінде жасалған қадамдардың тиімді болғанына куә болып отырмыз. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бизнес субъектілері айтарлықтай үлкен шығынға ұшырамай, негізгі өсімді сақтап қала алды. Бұл кәсіпкерлердің мемлекет қолдауын нақты сезінген кезең ретінде есте қалды.
Қазақстандықтардың тұрмыстық қажеттіліктерге арналған шығындары төмендеді
Экономика • Бүгін, 20:02
Өскеменде Ертіске батып бара жатқан әйел құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 19:53
Премьер-Министрдің орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 19:40
Еуразиялық даму банкінің алаңында маңызды мәселелер талқыланды
Экономика • Бүгін, 19:35
ШҚО-да аудан орталықтары ажарланады
Аймақтар • Бүгін, 19:27
Нұр-Сұлтанда 8 жаңа автобус бағыты іске қосылады
Елорда • Бүгін, 18:49
Токио олимпиадасы жанкүйерсіз өтуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 18:42
Түркі академиясы Бішкекте «Жамбыл - қазақ-қырғызға ортақ ақын» атты жиын өткізді
Руханият • Бүгін, 18:35
Алматыда Жетісу ауданындағы су арналары жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 18:35
«e-Freight» жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда
Қоғам • Бүгін, 18:32
Жетібай-Шетпе жолы шаңды дауылдың салдарынан жабылды
Видео • Бүгін, 18:25
Өскеменде 18 жастағы жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, 2 көлікпен соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 18:22
Семейдің жаңа әкімі жылыту қазандықтарын тексерді
Аймақтар • Бүгін, 18:11
Шекарашылар есірткіні контрабандалық жолмен алып өтудің алдын алды
Қазақстан • Бүгін, 18:10
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:48
Латын қаріптері пернетақтаға қалай енгізілген?
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Вакцинация: Қостанай облысында 93 егу пункті жұмыс істейтін болады
Аймақтар • Бүгін, 17:46
Елордада коронавируспен күресу үшін қандай шаралар қабылданып жатыр
Елорда • Бүгін, 17:43
Шымкент әкімі Венгрия елшісімен маңызды мәселелерді талқылады
Аймақтар • Бүгін, 17:37
Қазақстан 2023 жылдан бастап латын әліпбиіне көшеді
Қазақстан • Бүгін, 17:35
БҰҰ Бас хатшысы ресейлік вакцинаның мүмкіндіктерін атап өтті
Әлем • Бүгін, 17:28
Қазақстанда ұрлық саны екі есеге азайды
Қазақстан • Бүгін, 17:15
Қызылордада былтыр 349 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 17:08
А. Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
Қазақстан • Бүгін, 17:00
Шымкентте мәдениет және өнер ұжымдарының кәсіби тыңдалымы өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:55
1 ақпаннан бастап ескі банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталады
Қоғам • Бүгін, 16:43
Канн фестивалі жазға шегерілді
Өнер • Бүгін, 16:42
Түркістан облысының белсенді азаматтарына Елбасының Алғыс хаты тапсырылды
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Павлодар облысында ер адам жанып жатқан үйден көршісін алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 16:37
Карантин тәртібін бірнеше рет бұзған 12 мекеменің қызметі тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Өскеменде алғашқы атыс жаттығуы өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді
Елорда • Бүгін, 16:30
Декларация тапсырудағы жаңа өзгерістер түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Экс-депутат Қыздар университетіне қызметке барды
Тағайындау • Бүгін, 16:23
Қызылордада 19 индустриялық жоба кәсіпкерлікті қолдау картасына енді
Аймақтар • Бүгін, 16:22
«Көктас-Ақтөбе» зауыты жылына 120 млн дана кірпіш шығаруды жоспарлап отыр
Экономика • Бүгін, 16:20
Жол бойындағы қызмет көрсету сапасы 8%-ға артады
Қазақстан • Бүгін, 16:17
Жұқпалы емес аурулардың зияндылығын азайту жөніндегі қауымдастық құрылды
Медицина • Бүгін, 16:13
Ордабасы ауданында биыл 4 жоба іске қосылмақ
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Президент Алик Шпекбаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:02
Елорда әкімдігінің әлеуметтік орталықтары тұрғындармен өзара байланысты күшейтті
Елорда • Бүгін, 16:02
«Астана Банкі» салымшылары «Еуразиялық банк» төлейтін өтемақыларын қалай алады?
Экономика • Бүгін, 15:58
Зайсан ауданының 9 елді мекеніне газ беру тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:51
Қостанай облысында бір ай ішінде 82 өрт тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Аймақтар • Бүгін, 15:37
Өнер жұлдыздары Шымкентте 100 концерт өткізеді
Өнер • Бүгін, 15:32
Еңбек биржасында 1 млн-ға жуық бос жұмыс орны ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 15:24
Қазақстан елшісі Түркияның вице-президентімен кездесті
Саясат • Бүгін, 15:15
ШҚО көктемгі су тасқынына дайындықты бастады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Алматы полициясы 129 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Синхронды жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирі мамыр айына шегерілді
Спорт • Бүгін, 15:05
Қуат Хамитов жарты жылға бас бостандығынан шектелді
Қоғам • Бүгін, 15:04
Емханаларда 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 15:04
Дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына үстемеақы қосылады
Қазақстан • Бүгін, 15:03
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:58
Қазақстанда Қаржылық мониторинг агенттігі құрылды
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Коронавирус • Бүгін, 14:52
ШҚО-да аудан орталықтарын дамытуға ден қойылмақ
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Адасып кеткен балықшыларды полиция құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Қазақстандықтар 2020 жылы не нәрсені көп сатып алды?
Қазақстан • Бүгін, 14:26
Қарағандылық әнші қыз Түркияда бақ сынайды
Аймақтар • Бүгін, 14:15
Түркістан облысында қар құрсауында қалған 40 отбасына көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 13:53
Алматыдағы Балалар онкологиясы орталығында сауапты іс атқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Шекарашылар кезекті рет есірткі тасымалдаушыларды әшкереледі
Оқиға • Бүгін, 13:34
Несие «рәсімдеген» алаяқтар жәбірленушіні сазға отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:19
Bek Air компаниясы бесінші рет сотқа берілді
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Қазақстанда зейнетақы аннуитетінің құны төмендеді
Экономика • Бүгін, 13:06
Атырау облысында 50 239 кәсіпкерлік нысаны бар
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Мемлекеттік хатшының төрағалығымен кеңес өтті
Үкімет • Бүгін, 12:52
А. Мамин: Қазіргі кездегі басты міндет – жаппай вакциналауды өткізу
Үкімет • Бүгін, 12:51
Ұқсас жаңалықтар