Қазақтың алтын бесігі – ауыл. Үштаған аталатын аядай ауылда кіндік қаны тамған 145 отбасы әлі де өкше көтергісі келмейді. Алайда осынша отбасы мүшелерінің ыстық мекеніне айналған ауылға бір қауіп төніп тұр. Бұл – табиғаттың тосын мінезімен үйіріле соққан құмның қаупі.

Қазір Үштағандағы шашырай орналасқан үйлердің айналасын ұзындығы 5, ені 2 шақырымға созылған құм қоршап жатыр. Тіпті дөңге айналған құмның биіктігі тұрғын үймен теңескен. Мәселен, ауыл шетіндегі Ережеповтер отбасы күнделікті тірлігін құм күреумен бастайды. Отанасы Ақтолқынның айтуынша, қысы-жазы тоқтаусыз жылжыған құм көшкіні тұрғын үйлерді басып қалуы мүмкін.
Құмнан төнген қауіп тек Ережеповтер отбасын ғана алаңдатып отырған мәселе емес. Бұл – Үштағанды мекен еткен 145 отбасыға ортақ қауіп. Десек те олардың ешқайсысы бұл ауылдан көшкісі жоқ. Мұның себебін олар құмды өңірдің мал ұстауға қолайлығымен байланыстырады.
– Төрт түлік өсірген қазақпыз ғой. Үштағанның жайылымдық жері шүйгін. Жер астынан шығып жатқан тұщы суы бар. Көгілдір отынға қол жеткіздік. Аудан орталығынан шалғай болғанымен, жанға да, малға да жайлы жерді тастап кетуге қимаймыз. Бір баламыз қырда мал ұстап отыр. Күнкөрісімізге жететін табыс табуға болады. Тек бізді қинайтыны – құмның қаупі мен жол қатынасының нашарлығы. Осы мәселелер шешімін тапса, кіндік кескен мекеннен артығы жоқ, – дейді көп балалы ана Балғаным Қапанқызы.
Құмнан төнген қауіп тек Үштаған ауылының тұрғындарын ғана алаңдатып отырған жоқ. Облыстық табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстанның айтуынша, мұндай қауіп осы кезге дейін Жылыой ауданындағы Майкөмген, Исатай ауданының Забурын, Исатай, сондай-ақ Қызылқоға ауданына қарасты Миялы, Жасқайрат ауылдарына да төнген екен. Сол себептен бұл ауылдардың айналасына құм көшкініне қарсы жас көшеттер егіліпті. Енді осындай әдіс Үштаған ауылының маңына да қолданылғалы отыр. Өйткені соңғы он жылға жуық мерзімнен бері бұл ауылды құм қаупінен құтқару үшін мұндай жұмыс атқарылмаған екен.
– Аталған ауылдың аумағы зерделеніп, 33,8 гектар жерге құм көшкінін тоқтату жұмысын жүргізу мәселесі аудан әкімдігімен келісілді. Биыл 10 гектар аумаққа орналастыру жобасы қолға алынады. Осыған орай жеке кәсіпкер 1 млн 200 мың теңге алып, ауыл іргесіне сексеуіл егуді бастайды. Бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асады, – дейді Қадыржан Арыстан.
Атырау облысы
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Тағайындау • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс жариялады
Қазақстан • Кеше
Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады
Әлем • Кеше
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқиды
Аймақтар • Кеше
Елордалықтар «Saqtandyry» жүйесін жаңартып отыруы тиіс
Медицина • Кеше
Маңғыстау облысында арқар атқан азамат ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тұрғын үй нарығын белгісіздік күтіп тұр
Қазақстан • Кеше
Әділет органдарында жемқорлық 67 пайызға азайған
Қоғам • Кеше
Шымкентте еркіндікте жүрген арыстан табылды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда алдағы үш күнде аяз болады
Ауа райы • Кеше
Семейде бозбалалар зейнеткерді өрттен құтқарды
Аймақтар • Кеше
Жол апаты: Балқашта 2 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар