Сайлау • 08 Қаңтар, 2021

Басымдық – халық табысын арттыру

37 рет көрсетілді

Алматыда Қазақстан Халық партиясы сайлауалды штабының кеңсесінде қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар мен партия көшбасшыларының онлайн-конференциясы өтті. ҚХП мүшелері сайлау науқанының аралық қорытындысын шығарып, алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауына дайындық жөніндегі жұмыс жоспарын талқылады.

Өзекті мәселелерді талқылауға Қа­зақ­стан Халық партиясының мүшесі Жам­был Ахметбеков қатысып, ҚХП қара­пайым адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру үшін сайлауға қатысып отырғанын еске салды.

– Біз осы жылы Қазақстандағы нақты әлеуметтік-экономикалық жағ­дай Үкі­меттегі оптимистердің болжамдарымен түбегейлі сәйкес келмегенін көріп отырмыз. Қарапайым қазақстандықтар тиісті қорғаусыз қалды. Біз эконо­ми­ка­дағы косметикалық реформалар еш­теңе бермейді деп санаймыз. Бізде ква­зимемлекеттік және трансұлттық ши­кізат корпорациялары басымдыққа ие. Олар терең өңдеумен емес, шикізатпен айна­лысқан кезде ештеңе өзгермейді. Біз мемлекет дамудың түбегейлі жаңа моделін қабылдауы – халықтық экономика құруы керек деп санаймыз, – деді Ж.Ахметбеков.

Партия мүшесі мемлекет өнімді және лайықты ақы төленетін еңбек құқығын қамтамасыз етуі тиіс екенін мәлімдеді.

– Экономика өсімді көрсетсе де, халық мұны сезбейді. Біз өнімдерді, тауарларды, жабдықтарды импорттаймыз және бағаның үздіксіз өсуін байқаймыз. Қазақстандықтардың доллардағы орташа табысы 2008 жылдан бері өсіп келе жатқан жоқ. Қазақстанға халықтық экономика қажет. Мұндағы негізгі басымдық – ішкі жалпы өнімнің өсуі емес, тұрақты жұмыспен қамту және халық табысының өсуі, – деді Ж.Ахметбеков.

Ол өз әріптестеріне партияның сай­лау­­алды бағдарламасының негізгі тар­мақ­тарының бірі несие рақымшылығын жүр­гізу туралы ұсыныс екенін еске салды.

– Бірден айта кетейін, біз барлық несиелердің, әсіресе сән-салтанат заттарына, тойларға және сапарларға алынған несиелердің кешірілуіне қарсымыз. Біз пандемияға дейін адал салық төлеген, бірақ шектеу шараларының салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған кәсіпкерлер мен қызметкерлерді қолдаймыз. Әлеуметтік шиеленістің деңгейі жоғары екенін көріп отырмыз. Оны азайту үшін нақты шаралар қажет, – деп түйіндеді Ж.Ахметбеков.

Сондай-ақ, Алматыда ерекше флешмоб өтті. Партия белсенділері мен еріктілері «жұдырықтың», яғни, Қазақстан Халық партиясының логотипінде бейнеленген символдың бейнесін жасады. Осылайша, қатысушылар алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды қолдады.

– Біз жастарымызды патриотизм рухында тәрбиелеуді идеологиямыздың басты міндеті деп санаймыз. Біз болашақ ұрпағымызды моральдық-адамгершілік, мәдени, рухани құндылықтар рухында тәрбиелеуге тиіспіз. Барлық этникалық, діни топтардың мүдделерін және ұлттық қауіпсіздік талаптарын тең дәрежеде ескеретін жалпыұлттық идеологияны танымал ету маңызды, – деді кандидат Светлана Кан.

 

Соңғы жаңалықтар

9 су қоймасы салынады

Экология • Кеше

Ұқсас жаңалықтар