Сайлау • 08 Қаңтар, 2021

Жинақ жарық көрді

280 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Ақ жолдың» үгіт-насихат науқаны аясында «Полемикалық экономика» жинағы жарық көрді. Партияның республикалық штабында жинақтың тұсаукесері өтті.

Жинақ жарық көрді

«Ақ жол» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2016 жылғы жұ­мысы, оның парламенттік фрак­ция­сының қызметі туралы материалдар жинағы «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат науқаны шең­берінде екі бөлім­нен тұратын жинақ ретін­де жарық көрді. Жинақта «Ақ жол» партиясының төр­ағасы Азат Перуа­шевтың сөй­леген сөздерінің, жария­ланым-
дарының авторлық мәтін­дері, фрак­ция­ның депутаттық сауалдары қамтылған.

«Ақ жол» партиясы мен оның көш­­бас­шысының нарықтық экономиканы дамыту және жеке бизнестің мүд­делерін қорғау жөніндегі қыз­меті басты назарда. Сонымен бірге олар тәуелсіздікті ны­ғайту және демо­кра­тиялық институт­тар арқы­лы ұлттық мүддені дамыту мін­деттеріне жауап­кершілікпен қарайды.

Жинақта «Ақ жол» партиясының не­гіз­гі бағдарламалық бағыттарына жеке-жеке тоқталған: кәсіпкерлікті қол­дау, қазақстандық қоғамды демократияландыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және өзге де бөлімдерге тоқталған.

«Ақ жол» фракциясы жұмысының қоры­тындысы бойынша бесінші шақы­рылымда жарияланған осындай жинаққа қарағанда, бүгінгі жарыққа шығарылып отырған басылымда материалдар 2 есе көп. Бұл фракцияның 6 шақырылымдағы ерекше белсенділігін көрсетеді. Кітап біздің болашақ жұмысымызда да жақсы көмекші болатынына сенімдіміз», деп атап өтті Азат Перуашев.

«Полемикалық экономика» жинағы экономистер мен саясаттанушыларға, қазіргі Қазақстанның мемлекеттік және экономикалық құрылыс үрдістеріне, сондай-ақ еліміздің бүгіні мен болашағы туралы пікірталастарға қызығушылық танытатын әрбір адамға қызық болмақ.

Сайлауға бірнеше күн қалғанда саяси партияның үгіт-насихат жұмысы арта түспесе, бәсеңдемеді. Осы уақытқа дейін еліміздің өңірлерін аралап, халықпен кездескен партия белсенділері олардың мұң-мұқтажын тыңдап, алаңдатқан сұрақтарына жауап беруге тырысты. Олардың ішінде ең өзекті деген мәселелер әлеуметтік салаға тікелей байланысты. Қарапайым жұмысшының, жастардың тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндігі, несие алуы және өзге де проблемалар бар. Ақжолдықтар үгіт-насихат кезінде Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл облыстары мен Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының сайлаушыларымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Одан бөлек партия белсенділері қа­­зіргі эпидемиялық ахуалды ескере оты­рып, «Есіктен есікке» акциясын да қолға ал­­ды. «Ақ жол» партиясы өзінің сай­лауал­ды үгіт-насихат жұмысында кә­сіп­кер­­­лерге ерекше назар аударды. Елдегі ша­­­ғын және орта бизнесті дамыту, жеке кә­­сіп­­керлікті қолдау мәселесі – партия бағ­­дарламасының негізгі бағыттарының бірі.

Саяси науқанда партияның жастар қанаты да аса белсенділік танытты. Алматы, Маңғыстау өңірлерінің жастары «Ақ жолды» қолдап, арнайы науқан ұйымдастырды.