Аймақтар • 08 Қаңтар, 2021

2020 жылы 2,5 мың алматылық баспаналы болды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Алматыда қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары бірнеше мемлекеттік және қалалық тұрғын үй бағдарламалары бойынша жүзеге асты.

2020 жылы 2,5 мың алматылық баспаналы болды

Мәселен, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы бойынша қолға алынған «Алматы жастары»бағдарламасы аясында жас отбасыларға 949 пәтер берілді. Бұл бағдарламаға білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік салалар мен БАҚ-та жұмыс істейтін жастар, сонымен қатар ЖОО мен ҒЗИ-ның қызметкерлері қатысты.

Тағы 432 пәтерді «Шаңырақ»бағдарламасының шарттарына сәйкес кезекте тұрғандар алды, ал 360 отбасы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы жеңілдетілген несие шарттары бойынша баспаналы болды.

Көпбалалы және толық емес отбасылардың, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың өкілдері «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жыл ішінде 365 пәтер алды.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан 429 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері мен көп балалы отбасыларға бөлінді.

Өткен жылы барлығы 2535 алматылық отбасы қол жетімді баспанамен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыс алдағы жылы да жалғасады.

Бағдарламалардың шарттары мен ағымдағы хабарландырулармен Алматы қаласы тұрғын үй саясаты департаментінің www.uzh-almaty.kz сайтында танысуға болады.