Аймақтар • 08 Қаңтар, 2021

В.Цой Түркістан облысының үздік дәрігері атанды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында «COVID-19» індетімен күрес кезінде ерекше еңбегімен, ел алғысына бөленген медицина саласының қызметкерлері марапатталды. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов өңірдегі эпидемиялық жағдайдың тұрақталуына сүбелі үлес қосқан ақ халаттыларға алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

В.Цой Түркістан облысының үздік дәрігері атанды

Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігері Вячаслав Цой – үздік дәрігер, Түркістан қалалық орталық ауруханасының мейірбикесі Эльмира Сейітова – үздік мейірбике атанып, салтанатты шарада марапатталды. Ал №1 облыстық перинатальдық орталығы – үздік медицина мекемесі деп танылды.

«Өткен жыл жалпы халыққа ауыр болғаны белгілі, әсіресе, денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне қиын болды. Осы қиындықты ел болып жеңе білдік. Бұл менің ғана марапатым емес, барлық әріптестеріме көрсетілген құрмет деп білемін. Осы бір еңбегімізді елеп, мерейімізді асырып отырған қоғамдық денсаулық басқармасына алғыс айтқым келеді. Енді мұндай жайсыз жағдайлар болмаса екен деп тілеймін», деді Түркістан қалалық орталық ауруханасының мейірбекесі Э.Сейілханқызы.

Айта кетейік, өңірде денсаулық сақтау саласында жалпы 23 585 маман жұмыс істейді. Қазіргі таңда облыста 88 науқас коронавирус ауруына байланысты ем қабылдауда.