Кездесу барысында байқаушыларға сайлау науқаны және еліміздегі кейбір сайлау рәсімдері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, ТүркПА өкілдерімен ұйым аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
ТүркПА Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылы 21 қарашада құрылды. Штаб-пәтері Баку қаласында орналасқан. Ұйымның мүшелері Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия елдері.