Аймақтар • 08 Қаңтар, 2021

Түркістанда жылқы ұрлаған күдікті ұсталды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келес ауданында ауыл тұрғыны қорасының маңында жайылып жүрген жеті жылқыны көріп, ойы бұзылады. Жымқыру мақсатындағы арам оймен ешкімге байқатпастан қорасына кіргізіп алған ол танысына хабарласып, жетеуін үш асыл тұқымды жылқыға айырбастап жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістанда жылқы ұрлаған күдікті ұсталды

Әрине малын жоғалтқан ауыл тұрғыны жеті бас жылқысының ұрланғанын айтып, Келес ауданының полиция бөліміне арызданады. Арызды бірден тіркеуге алған полиция қызметкерлері оқиға орын алған жерді мұқият тексереді. Яғни күдіктіні анықтауға қатысты шаралардың барлығын атқарады. Нәтижесінде полицейлер көршілес ауылдан күдікті ер азаматты ұстады. Жедел әрекет еткен полицейлер айырбасталған жылқыларды тәркілеп алып, иесіне қайтарды. Полиция бөлімі қызметкерлерінің хабарлауынша, күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал ұрланған жылқылардың иесі, яғни арызданушы азамат полиция қызметкерлеріне тындырымды тірліктері үшін алғысын білдірді.