Парламент • 08 Қаңтар, 2021

Сенатта Украинаның Жоғарғы Радасының байқаушыларымен кездесу өтті

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлауды байқауға келген Украина Жоғарғы Радасы депутаттарының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Сенатта Украинаның Жоғарғы Радасының байқаушыларымен кездесу өтті

Сенат Төрағасының орынбасары алдағы сайлауға дайындық туралы хабардар етіп, сайлауға халықаралық байқаушылардың қатысуының маңызын атап өтті.

«Қазақстан сайлау процестерінің жалпыға бірдей стандарттарға қатаң түрде сәйкес ұйымдастырылуына ерекше мән береді», деді Асқар Шәкіров.

Біздің еліміз халықаралық беделді ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, дауыс беру шараларының тиісті деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдап жатқаны атап өтілді. Қазақстанда өткен жылы елдегі саяси жүйені  жетілдіру бойынша нақты іс-шаралар қабылданған болатын. 2020 жылы Президенттің саяси реформалар топтамасын заңнамалық тұрғыда іске асыру қамтамасыз етілді, оның ішінде  партия тізімі бойынша әйелдер мен жастарға арналған 30% квота болады, саяси партияларды тіркеудің тәртібі оңайлатылды және парламенттік оппозиция институты енгізілді.

Украин парламенті өкілдері сайлауға дайындықты ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті және халықаралық ұйымдарға бақылау үдерісіне көмектесетін қолдауды оң бағалады.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы Жоғарғы Радамен ынтымақтастық жөніндегі топтың мүшесі, депутат Алтынбек Нухұлы қатысты.