Қоғам • 08 Қаңтар, 2021

Қызылордада қант пен құс етінің бағасы қалыпқа түсті

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы апта ішінде Қызылорда облысына алты миллион жұмыртқа жеткізіліп, сауда орындарына тартылыпты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордада қант пен құс етінің бағасы қалыпқа түсті

Тапшылықты болдырмау мақсатында қосымша тағы екі миллион данасы әкелінеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.

«Жұмыртқа ірі сауда орындарындағы әлеуметтік бұрыштарда 31 теңгеден, ал қалған дүкендерде категориясына қарай 42-49 теңгеден сатылуда. Облыста жұмыртқаға тапшылық жоқ. Сондай-ақ, қант, құс етінің бағасы төмендеді. Бүгінде тұрақтандыру қорында 2,4 мың тонна өнім сақталып, сатылуда. Бұған қоса, 23 тонна өсімдік майы және 300 тонна картоп сатып алу үшін жұмыстар жүргізілуде», деді басқарма басшысы.