Қазір қорда бес миллион данаға жуық дәрілік заттар бар. Олар аймақтың 319 дәріханасында сатылады. Оның 168-і облыс орталығында орналасқан.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек Әділханов мәлімдеді.
«Аймақтағы дәрі-дәрмек қорына үнемі мониторинг жүргізіп отырмыз. Сондай-ақ, шекті бағадан асып сатылған дәрілік заттардың 72 атауы анықталды. Бұған қоса, өткен жылы шекті бағадан асып сату дерегі бойынша 33 әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Сонымен қатар, 448 атаудағы дәрілік заттар мен 36 медициналық бұйымдар тәркіленді», – деді Нұрбек Уәлиханұлы.