"SJ182 рейсінен ADS-B сигналы UTC уақыты бойынша 07.40.27-де жоғалды. Ұшақ Джакартадан Индонезиядағы Понтианакқа ұшып бара жатқан", - делінген хабарламада.
Бір минуттан аз уақыт ішінде ұшақ 10 мың футтан аса биіктік жоғалтқан. Оқиға лайнер Джакартадан шыққаннан кейін 4 минуттан соң болды.
Жергілікті газетте ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала мен нәресте бар екені жазылды.
Индонезия билігі іздестіру-құтқару операциясының басталғанын хабарлады.