Аймақтар • 09 Қаңтар, 2021

Петропавлда қоғамдық көліктер жаңартылды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы биыл қоғамдық тасымалдау істеріне 100 жаңа автобус сатып алмақшы. Қазір соның біразы келіп үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда қоғамдық көліктер жаңартылды

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің твиттердегі парақшасында былай деп жазды: «Біз Петропавл қаласының автобус паркын жаңалау жобасын іске асыруға кірістік. Қала көшелерінде барлығы 200-дей автобустар жүреді, біз соның жартысын жаңалауды қолға алдық. Автобустардың бәрі Қазақстанда жиналған ресейлік көліктер. Алайда олар бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда ыңғайлы. Осындай 100 автобус сатып алуға келіскенбіз, қазір соның жетеуі қалаға жеткізілді», деген ол.

Әрине, олардың сапасы аса жоғары емес. Бірақ бұрынғыларға қарағанда ыңғайлы әрі жылы. Салондары да кең. Солтүстіктің суық климатын есепке алып, қатпайтын алты радиатор орнықтырылған. Кондиционерлері мен пандустары да бар. Ауаны тазалап тұратын жүйе мен ультра көгілдір лампалары да орнықтырылған. Әкім өзінің жазбасында автобустардың жаңаланғанына қарамай жолақысы көтерілмейтінін де атап өтті. Енді оларға электронды билет беру жүйесі де орнатылмақ.