Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Тергеу изоляторларынан 5 мыңдай адам дауыс береді

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес тергеу изоляторларында ұсталатын, үкімі заңды күшіне енбеген ҚР кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығына ие, деп хабарлайды Egemen.kz

Тергеу изоляторларынан 5 мыңдай адам дауыс береді

Тергеу-қамауындағы адамдардың құқықтарын іске асыру мақсатында республиканың қылмыстық-атқару жүйесінің 16 тергеу изоляторында орналасқан жері бойынша сайлау округтеріне кіретін жабық сайлау учаскелері құрылды, онда 5 мыңнан астам адам Қазақстан Республикасының кезекті Парламенттік сайлауында дауыс беруге қатысып жатыр.

Сайлау процесі өтетін үй-жайларда тиісті бақылау, күзет және қадағалау қамтамасыз етілген.
Сайлау процесіне қатысушылар барлық қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтаған.

1

Ағымдағы жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша қызыл және сары аймақтарда болған өңірлерде сайлау комиссиясының барлық мүшелері, оның ішінде байқаушылар да алдын ала ПТР-әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтті.

Сонымен қатар, жабық сайлау учаскелеріне кіру тергеу изоляторларының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес жүргізілді.

Қазіргі уақытта республиканың тергеу изоляторларында 6 мыңға жуық адам ұсталуда.