Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Қызылордалық сайлаушылардың 28,8 пайызы дауыс берді

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына Сыр өңірі тұрғындары белсенді қатысып жатыр, Egemen.kz

Қызылордалық сайлаушылардың 28,8 пайызы дауыс берді

Қазірге дейін 141983 адам дауыс беріп, сайлаушылардың 28,8 пайызы өз таңдауын жасады. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

Жалпы, облыста сайлаушылардың саны - 492198. Бұл аймақ халқының 60,7 пайызы. Өңірде 376 сайлау учаскесі бар. Сайлау комиссиясының 2821мүшесі қызмет көрсетуде. Оның 1128-і арнайы оқу курстарынан өткен. Сайлау комиссиясының төрағасы аймақтағы 13 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі сайлаушы үшін 30-ға жуық инватакси қызмет көрсететінін айтып өтті.