– Қазақстандағы сайлауды бақылау мүмкіндігінің туғанына ризамын. Өйткені, бұл елдегі жағдайдың бәрін жіті назарда ұстаймыз. Биыл Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан өзін қуатты мемлекет ретінде танытты. Елдің дамуына бағытталған реформамаларды сәтті жалғастырып келеді. Бұл ретте, Қазақстан тұрақтылық пен даму тұрғысынан көп елге үлгі болып отыр. Қазақстан демократия жолында маңызды қадамдар жасауда. Соның бір дәлелі – бүгінгі сайлау, деді Тугрул Чамаш.
Ол өз сөзінде жуырда республикалық "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласын оқығанын атап өтті.
– Президенттің мақаласынан Қазақстанның қандай жолдан өткенін аңғаруға болады және бұл ел барлық салада табысты дамып келеді, деді ол.