Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Секен Тұрысбеков: Ел тарихындағы елеулі сәт

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көптен күткен сайлау күні де келіп жетті. Осынау тағдыршешті таңдауда жұрт адаспаса екен, өз даусын нағыз мемлекетіміздің жанашырына берсе екен деген тілегім бар.

Секен Тұрысбеков: Ел тарихындағы елеулі сәт

«Дауыс берген осы екен» деп, көз жұма дауыс беру дұрыс емес. Жан-жақты ойланған жөн. Өзінің білімі жетпесе, саясаттан хабары бар адаммен ақылдасып, таңдауын ой таразысына қайта-қайта салғаны абзал. Оған халықтың тағдыры, елдің игілігі үшін жасалып жатқан дүние деп қараған жөн. «Менің дауысым не шешеді? Менен басқалар беріп жатыр ғой» деген пікір жаңсақ. Біле білсеңіз, әділ өткен сайлауда бір дауыстың өзі бәрін өзгертіп жіберуі мүмкін. Барша жұрт сайлауға асқан жауапкершілікпен қараса игі. Өнер адамы ретінде бізде бұл маңызды оқиғадан шет қала алмаймыз. Азаматтық міндетімізді өтеп, өз даусымызды бердік.

 

Секен ТҰРЫСБЕКОВ,

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, композитор