Қоғам • 10 Қаңтар, 2021

Атырауда түске дейін 23 сәби өмірге келді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 10 қаңтарда түске дейін 23 сәби өмірге келді. Оның ішінде 13 ұл, 10 қыз бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда түске дейін 23 сәби өмірге келді

Сайлау күнінде нәрестелі болғанның қатарынла Исатай ауданының тұрғыны Шынар Төлеуішова да бар. Ол бүгін өмірге төртінші сәбиін әкелді.

«Біздің отбасымызда балаларға мағынасы бөлек, саяси науқан мен айрықша оқиғаларға байланысты ерекше есімдер беру дәстүрі бар. Мәселен үшінші қызымызды Құралай деп атадық. Себебі, қызымыз көктемгі табиғат құбылысы – Құралай аталатын амал кезінде дүниеге келді. Бүгінгі сайлау күнінде дүниеге келген төртінші қызымыға есім таңдауды осы шарамен байланыстырмақ ойымыз болған. Бірақ қызымызға Сайлау деген есім берілмейді. Бәлкім, қызымызды тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне лайықты үлесін қосып жүрген іскер, әрі саясаткер әйелдердің бірінің есімімен атауымыз мүмкін. Ал бүгін – тәуелсіздігімізге 30 жыл толғалы отырған мерейлі сәт қарсаңында еліміздің келешегін бүгінгіден де кемелдендіре түсуге таңдау жасайтын тарихи күн. Сондықтан, еліміздің жаңғыруымен бірге қызымыздың да болашағы жарқын боларына сенемін», дейді Шынар Төлеуішова.