«Биылғы көптеген болжам бойынша биылғы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары онлайн алаңда болуы керек еді. Қазақстанда 18 миллион тұрғын болса, 26 миллион сим-карта бар екен. Интернетке қолжетімді халық саны – 14 миллион. Статистикаға салар болсақ, халық онлайн сайлауға да дайын. Сайлауға қатысқан партиялар онлайн үгіт-насихатқа 35-40% көңіл бөлсе, қалған үгіт-насихатты аймақта жүргізді. Онлайн жүргізуге мүмкіндіктері бола тұра халықтың ортасына барып жүргізгендері ұнады. Бірінші рет аймақтық дебат ұйымдастырылды. Бұл – үлкен жетістік», дейді Өркен Кенжебек.
Сондай-ақ, ол бір айлық үгіт-насихат науқанында әлеуметтік желілерде күлкіге қалатындай ешқандай жағдай болған жоқ екенін айтты.
«Бес партияда әлеуметтік желілерде саясатын дұрыс жүргізді және бәрі де «Күшті аймақ – күшті ел» деген концепцияны ұсынды. Маған осы ұнады. Бұрын үгіт-насихат науқанында партиялар үлкен зауыт-фабрикаларды араласа, осы жолы базарларды, құрылыс орындарына барып, бұқара халықтың ортасында болып, мәселелерін тыңдап, қорытынды шығарды. Кей партия аудан, ауылдарға барып, бірінші рет жылдық бюджетті түсіндіріп берді. Биылғы сайлаудың осы ерекшеліктері менің көңілімнен шықты», дейді ол.