Сайлау • 10 Қаңтар, 2021

Шетелде жүрген 4 532 қазақстандық дауыс берді

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелде жүрген 4 532 Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Шетелде жүрген 4 532 қазақстандық дауыс берді

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07-00-ден 20-00-ге дейін өткізіледі. Сағат 19-00-дегі жағдай бойынша шетелде жалпы алғанда 4 532 Қазақстан азаматы дауыс берді. Түрлі уақыт белдеулерінде орналасуын ескере отырып, Жапония мен Корея Республикасында жүрген азаматтар бірінші болып дауыс берді», деді ол. Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта 10 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.

Қалған 56 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр.

«Соңғы болып осы жылдың 11 қаңтарында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 07-00-де Америка Құрама Штаттары мен Канадағы Қазақстан азаматтары дауыс беруді аяқтайды», деді Шахрат Нұрышев.