«Сайлау учаскелерінің басым бөлігі өз жұмысын аяқтады. Дауыс беру аяқталған өңірлерде жергілікті комиссия бюллетеньдерді санауға кірісіп кетті. Ішкі істер органдарының қызметкерлері күшейтілген режімдегі қызметі жалғастыруда. Олар қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар, сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдер мен хаттамалардың аудандық, облыстық комиссияларға еш кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етті. Дауыс беру кезінде сайлау учаскелерінде түсініспеушілік туғызған түрлі оқиғаларды ескермегенде, айтарлықтай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ», деді Арыстанғани Заппаров Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің айтуынша, азаматтардың тыныштығын сақтау және қоғамдық тәртіптің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары өз қызметін одан әрі жалғастырады.